Астанада жас дәрігер брэкет салдырмақ болған қызды үш сағатқа жуық қинаған

Опубликовано:

Танымал спорт журналисі Диас Ахметшәріп қызының тісін жұламын деп асқындырып алған астаналық стоматологиялық клиниканы жабуды талап етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол өзінің Facebook желісіндегі парақшасында айтты.

Оның айтуынша, тісіне брэкет салуға барған қызды жап-жас тіс дәрігері қараған. Ол баланың ақыл тісін жұлу керектігін айтып, іске кіріскен. Алайда іс насырға шауып, ақырында оған ота жасау қажеттілігі туындап отырғанын айтады ол.

"Үлкен қызымның тістеріне брэкет салу үшін стоматологиялық клиникаға апардық. Шамамен жасы отыздағы жігіт ақыл тістерін жұлу керектігін айтқан. Олар әлі толық шығып біткен жоқ болатын. 2 сағат бойы қызымды қинап, ақыр соңында жұла алмай әлек болды.

Сөйтсек, бұл емханадағы дәрігерлердің барлығы жастар екен. Ортодонттарың, хирургтарың, терапевт дәрігерлеріңнің барлығы әмбебап болып шықты. Бала екі жарым сағат қиналды", - деген ол емхана басшылығының жауап беруін талап етті.

Ыстығы көтеріліп, беті ісіп кеткен қызы үшін алаңдаған ол емхананы жауып тастауды талап етті.

Журналистің хабарлауынша, тісті жұла алмаған дәрігер оны мұрын қуысындағы гаймор қойнауына тығып жіберген.

Енді балаға ота жасау қажет болады. Қатты ашуланған журналист әкімдіктен, оның ішінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтен бұл емхананы жауып тастауды сұрады. 

"Әкімдік! Мына емхананы жауып тастаңыздаршы. Әсет Орынтайұлы өтінемін сізден!", - деп жазды ол.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Даниал Ахметов аудан әкімдеріне жақсы әкімнің қандай болуы керек екенін түсіндіріп берді

Атыраулық тұрғын хиджаб киіп, сақал қоятындарды қорғап шықты

Белгілі журналист күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтқан Баянды сынға алды

Балабақшадағы шу: Баланы ұрып, жылатып қойған тағы бір тәрбиеші ел талқысына түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1471637-astanada-zhas-dariger-breket-saldyrma/