Шымкенттік жасөспірім желіде танысқан жігіттің үйінде бірнеше күн қамауда отырған

Опубликовано:

Шымкентте бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім қызды күштеп ұстаған жас жұбайлар тұтқындалды деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап NUR.KZ. 

"102 пультіне Сарыағаш  ауданында жоғалып кеткен жасөспірім қызды жалдамалы пәтерде күштеп ұстап отыр деген мәлімдеме түседі. Шымкенттегі әл-Фараби ауданы ІІБ жергілікті полиция қызметіне екі күдікті мен бойжеткен жеткізілді", — деп мәлімдеді полиция.

Істі анықтау барысында жасөспірімді ата-анасының бірнеше күн бойы іздеп жүргені анықталды. Әкесінің айтуынша, ол үйден шығып, қайта оралмаған.

"Мен желіде бір жігітпен араласқанмын, маған ол Шымкентке келсем, жұмыс беретіндігін айтты. Сол себепті осында келдім" — деді өз әрекетін түсіндірген жасөспірім қыз.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Атырауда 20 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Кез келген қалыпта майыса алатын жас жігіт жұрттың зәресін ұшырды

Тәжікстан билігі арықтап үлгермеген полицейлерді жұмыстан қуып жатыр

Ақтөбеде ескі вагонда тұрып жатқан төрт балалы ана қайда барарын білмей дал

Ақтөбеде борышын өтеп жатқан сарбаз үйін сағынған соң әскерден қашып кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1485991-shymkenttik-zhasospirim-zhelide-tanysq/