Қазақстан халқы Жеңіс күнін атап өтуде

Опубликовано:

Бүгін Қазақстан халқы 9 мамыр – Жеңіс күнін атап өтуде деп жазады Хабар арнасы.

Осыдан 72 жыл бұрын адамзат тарихындағы ең сұрапыл Ұлы Отан соғысы аяқталды.

1941 — 1945 жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына елімізден 1,5 млн қазақстандық аттанды. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полк мен батальон шайқасты.

Отандастарымыз Мәскеу мен Ленинградты қасық қаны қалғанша қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысып, Берлинге дейін жетті.

Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының батыры атанды, төрт адам бұл атаққа екі мәрте ие болса, 142 адам «Даңқ» орденінің толық жинағының иегері атанды.

Елі мен жері үшін майдан даласында мерт болған жауынгелердің рухына тағзым етіп, көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.

Ешкім де, ешнәрсе де ұмыт қалмайды. Ұлы Жеңістің 72 жылдығы құтты болсын!

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Димаш Құдайбергеннің анасы "Асыл ана-2017" атағын жеңіп алды (фото)

Қоғам қайраткері еліміздегі депутаттарды қызметтік көлігі мен пәтерінен айыруды ұсынды

Ақтөбеде мұсылман қыздар арасында веложарыс өтті (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1487777-qazaqstan-khalqy-zhenhis-kunin-atap-otud/