Оразаға қазірден бастап дайындалудың 10 жолы

Опубликовано:

Қамшы порталы назарларыңызға Рамазан айына дайындықтың 10 жолын ұсынады.

1. Дұрыс ниет жасаңыз. Қазірден бастап осы Рамазан үлкен рухани құлшыныс пен ықылас айы болатынына ниет етіңіз. Осы ниетті жүзеге асыру үшін, Рамазанда күнделікті атқаратын істердің тізімін жасап қойыңыз (Құранның бір бөлігін оқу, зікір ету, пайдалы дәріс алу т.с.с.). Оған қоса, бір айлық жоспар жасаған да дұрыс болады (балалар үйі, қарттар үйіне бару, мұсылман болмаған достарыңызды ауызашарға шақырып, Исламмен таныстыру т.б.).

2. Денені дайындаңыз. Тамақтың саны мен сапасын өзгерту арқылы физикалық түрде дайындалыңыз. Рамазанға дейінгі апталарда азырақ тамақтанудан бастаңыз. Қасиетті айдың алғашқы күндері шай мен кофенің жоқтығы қинамас үшін, күнделікті кофеин, шай мөлшерін де азайту керек.

3. Барлық медициналық тексерістерден Рамазанға дейін өтіп алыңыз. Рамазан айы басталмас бұрын барлық медициналық шаруаларыңызды бітіріп алған дұрыс. Белгілі бір ауруыңыз болса, ораза тұтудың маңыздылығын білетін дәрігермен ақылдасып, ораза сіз үшін дұрыс шешім болатынына көз жеткізің. Егер сіз дәрі қабылдап жүрсеңіз, күндізгі уақыттан гөрі ауызашар кезінде дәрі қабылдауға болатыны жайында дәрігерден сұрап алған жөн.

4. Нәпіл ораза ұстаңыз. Нәпіл ораза — ой, дене және рухыңызды Рамазан айына дайындаудың ең ұлы жолы. Күшіңіз жетсе, сүннетке амал етіп, тура Рамазан айына дейін келетін Шағбан айында ораза ұстаңыз. Бұл тым ауыр болса, дүйсенбі мен бейсенбі күндері немесе «ақ күндері», яғни Ислами айдың 13, 14, 15 жұлдыздарында ораза тұтсаңыз болады.

5. Құранды көбірек оқыңыз. Дүйім көпшілік Рамазан айында Құранды кем дегенде бір рет оқып шығуды мақсат тұтады. Егер сізде күнделікті Құран оқу әдеті болмаса, бұл әдетті қалыптастыру үшін осы сәтті пайдаланып қалыңыз. Бұл әдет сізге Рамазан айында Құранның көбірек бөлігін оқуға көмектеседі.

6. Нәпіл намазды орындаңыз. Егер сізде қаза болған парыз намаздарыңыз болмаса, Рамазан айындағы құлшылықтарға дайындық ретінде нәпіл сүннет намаздарды оқи бастаңыз. Егер сізде қаза намаздар болса, нәпіл сүннет намаз оқитын уақытыңызды қазаларыңызды өтеуге арнаңыз.

7. Садақа беріңіз. Рамазанға дейінгі апталарда қажеттілігі бар адамдарға көмектесіп, садақаны көбейтумен айналысыңыз. Бұл жергілікті тұрғындарға ақшалай қол ұшын созудан бастап, сириялық қашқын отбасыларына көмектесуге дейінгі кез-келген іс-шара болуы мүмкін.

8. Мінезіңізге ерекше көңіл бөліңіз. Мысалы, сіз көзіңізді ұятсяздық пен зинадан сақтау үшін түрлі ТВ бағдарламаларды қарамай, құлағыңызды жағымсыз сөздерден, тіліңізді дау мен ұрыстан сақтау үшін нәпсіңізді тыюыңыз керек. Ішкі ораза — Рамазан айындағы оразаның ең маңызды бөлігі және әдетте тамақ, су, жыныстық қатынастан тыйылу секілді физикалық оразадан әлдеқайда қиын болып келеді. Сондықтан, бұған ертерек амал қылғаңыз дұрыс.

9. Ысырап, қалдықтарды және бұдан шығатын ауруды азайту үшін өміріңізді жоспарлаңыз.

10. Қызмет ету шараларына араласыңыз. Рамазан айына дейін жергілікті қайырымдылық немесе қоғамдық қызмет көрсету ұжымдарымен байланысып, олармен бірлесіп жұмыс істеңіз. Рамазан айына дейін бұл істі бастасаңыз, ұйымға тезірек сіңіп, уақытыңызды ұтымды өткізе аласыз.  

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Оқыған, жұмысы бар қазақ қыздары неге теңін таппай отыр?

Танымал әнші ресейлік әртістердің Қазақстанда 200 мың долларға дейін гонорар алғанын айтты

Әйелі өзінен 25 жас үлкен Францияның ең жас президенті туралы қызықты 5 дерек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1488254-orazagha-qazirden-bastap-dayyndaludy/