Семейдегі тойына Алматыдан Hummer алдыртқан жас жұбайлар көлік иесінің ашуына тиді
Опубликовано:
Бар жиғанын тойға шашатын қазақ қашан да қуанышын елден кем қылмай өткізуді басты орынға қояды. Тіпті алыс ауылына Алматыдан той кортежін жалдап апарушылар да кездесіп жатыр. ШҚО-дағы ауылдан тапсырыс алған той кортежінің көлік жүргізушісі NUR.KZ порталына Алматыдан сол ауылға қалай жеткені туралы қызықты оқиғаны баяндап берді.
Нұрболат Сейсембековтің Hummer H2 көлігін тізгіндегеніне үш жыл болды. Бұл ұзын көлікті жалдау құны сағатына 20 мың теңге айналасында. Ал, басқа аймаққа бару үшін қосымша жол пұлы төленуі тиіс.
2014 жылы тамыз айында Нұрболат Сейсембеков қызмет ететін көлікті жалға беруші компания сонау Шығыс Қазақстан облысына қарасты ауылдан тапсырыс алған. Келісім-шартта көрсетілгендей, компания той иесінен Алматыдан 1000 шақырым қашықтықта орналасқан ауылға үш сағат жүріп беру үшін 380 мың теңге алған. Алайда көлік жүргізушісі бұл ақшаның сонау жаққа барып-келуге татымайтындығын айтады.
"Сол жылы Семей жаққа бірінші рет баруым екен. Hummer H2 көлігімен Алматыдан кешкі сағат сегізде шықтым. Той ертеңінде болатын. Той иесі маған хабарласып, Алматыдан тойға бірнеше туысын ала келуімді өтінді. Ұзақ жолға өзіме де серік керек. Қарсы болмадым. Сөйтіп көлікке үйленіп жатқан жігіттің туыс, достарын салып алдым. 1000 шақырымды өз есептеуім бойынша 10-11 сағатта жүріп өтемін дегенмін. Олай болмады. Шұрық-тесік жолмен түнімен жүріп, таңертең бір ауылға келіп жеттім. Аты есімде жоқ, бірақ келісім-шартта көрсетілген ауылдың атауына қатты ұқсатып, діттеген жерге жеттім деп ойладым.
Той иесіне хабарлассам, мүлде ол ауыл болмай шықты. Маған әлі 200 шақырым жол жүру керек екен. Осылайша жас жұбайлар бұл көлікті түске дейін күтті. Масқара емес пе?! Жол шалғай, тойда жүріп беретін қарапайым көлік өз ауылдарынан да табылатын еді. Бірақ мұның бәрі мақтан үшін ғой", - дейді көлік жүргізушісі.
Оның айтуынша, мұндай ессіз тапсырыстар өкінішке қарай жиі болып тұрады екен. Қымбат көліктің жүргізушісі қазақтардың мақтанамын деп ысырапқа жол беріп жатқанына қынжылысын білдірді.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
64 жастағы заңгер Оңтүстік Кореяның президенті атанды
БЖЗҚ бұрынғы басшысы тағы бір қылмыс жасады деген күдікке ілінген
Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жекте қанша белбеу сарапқа салынады?
Серік Ахметовтың ісіне қатысты аппеляциялық сот отырысы қашан өтетіні белгілі болды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1488568-semeydegi-toyyna-almatydan-hummer-aldyrtq/