Ақтөбеде туған баласын 60 мың теңгеге сатқан келіншек 7 жылға сотталып кетті

Опубликовано:

Ақтөбеде бала саудасына қатысқандарға сот үкімі шықты. Жаңа туған баласын 60 мың теңгеге сатқан Жанна Ақаласова 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның жеке мүлкі тәркіленетін болды деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Судья Нұрлыбек Омарханов оның бала сатуға көмектескен құрбысы Данагүл Өтешованың жеке мүлкін тәркілеп, 7 жылға бас бостандығын айыруға үкім шығарды. Жеңгетайлық қызмет атқарған келіншектің кәмелетке толмаған балаларының бары ескеріліп, жазасын өтеу уақыты 5 жылға шегерілді.

Ал нәрестесі жоқ екі баласына бала сатып алып бермек болған 55 жастағы Дина Дусаковаға шартты түрде жаза тағайындалды. Ол жеті жыл бойына мекен жайын өзгертпей, құқық қорғау қызметкерлерінің бақылауында болады.

Жанна Ақаласова сот залына күліп кірді. Ал туа сала саудаға түскен кішкентай Әділ Ақаласов балалар үйінде мемлекет қарауында болады.

Еске сала кетейік, сотта соңғы сөзін сөйлеген Жанна Ақаласова баласын сатқанына өкініп, өзіне рақымшылық жасауды сұраған еді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Forbes Қазақстанның ең бай 50 адамын жариялады

Бекболат Тілеухан халықты алдап, қан қақсатқан қаржы пирамидаларын жабуды талап етті

Алматылық зейнеткер желілік маркетингке 90 туысын кіргізіп, тақырға отырғызды

Алматы мен Астанада 2 млрд теңгеге қандай пәтер сатып алуға болады? (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1489299-aqtobede-tughan-balasyn-60-mynh-tenhgege-sa-2/