Шымкентте прокуратура алдында өзін-өзі өртеп жіберген кәсіпкер сотталып кетуі мүмкін
Опубликовано:
Шымкентте облыстық прокуратура алдында өзін-өзіне от қойған кәсіпкердің ісі сотта қаралып жатыр деп хабарлайды КТК арнасы.
Әкімдік пен ішкі істер департаментіндегілердің әділетсіздігінен күйдім деген Нұркен Айнабековке тергеушілер, «алаяқтық», «жалған құжат жасау», «лауазымды тұлғаларға жала жабу» сынды 4 бірдей бап бойынша іс қозғаған.
Прокурорлардың алдында өзіне от қойған кәсіпкер көптің көзіне желтоқсаннан бері енді көрініп отыр. Денесінің 55 пайызы күйіп, 5 ай ауруханада жатыпты. 7 жыл бұрын әкімдіктің тапсырысымен Шымкентте аурухана салған кәсіпкер, шенеуніктер тиесілі ақшамды бермеді дейді.
Аты аталғандардың арасында бұрын облыс әкімдігінің аппаратын басқарған, қазіргі мәжіліс депутаты Байділдә Жылқышиев секілді лауазымды тұлғалар да бар. Осы іске назар аудартам деп өртенген Айнабеков, енді жұмысының өтеуін қайтармақ түгілі өзі сотталып кетуі әбден мүмкін.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Forbes Қазақстанның ең бай 50 адамын жариялады
Бекболат Тілеухан халықты алдап, қан қақсатқан қаржы пирамидаларын жабуды талап етті
Алматылық зейнеткер желілік маркетингке 90 туысын кіргізіп, тақырға отырғызды
Алматы мен Астанада 2 млрд теңгеге қандай пәтер сатып алуға болады? (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1489419-shymkentte-prokuratura-aldynda-ozin-o/