Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықпен ақшасын бөлісуге дайын бай-бағландар кімдер?

Опубликовано:

Forbes тізіміне сәйкес, Қазақстанда қалталы азаматтар жетіп артылады. Ал олардың арасында байлығын халықпен бөлісуге әзірлері қанша? Бұл сұрақтың жауабын NUR.KZ порталы іздеп көрді.

Жақында Нұрсұлтан Назарбаев байларды ақшасын халықпен бөлісуге шақырған болатын. Содан кейін Ақтөбеде билікке жанайқайын жеткізген қыз балаға отандық миллионер үй сыйлап, жұртты бір қуантқан еді.

Белгілі болғандай, мұндай қайырымдылық шаралары Қазақстанда талай жасалған. Тек оларды көбі жария етіп жатпайды. Сонымен халыққа көмек қолын созған миллионерлер кім?

Айдын Рақымбаев

BI Group басшысы бүгінде Forbes тізімінің 20-шы орнынан табылып отыр. Оның мүлкі 295 000 000 долларға бағаланған. Айдын Рақымбаев ақшасымен бөліскенді ұнататынын жасырмайды. Оның бастамасымен Қазақстанның барлық өңірлерінде "Аналар үйі" салынды. Бүгінде оларға Қазақстанның ондаған меценаты қолдау көрсетіп отыр.

Ондай үйлерде аяғы ауыр немесе жаңадан ана атанған әйелдерге қиындықтардан құтылып, аяқтан тұруына жағдай жасалады. Миллионердің өзі болса, Өскемен мен Астанадағы "Аналар үйін", Балалар үйі түлектеріне қолдау көрсету орталығын және Балаларды асырап алуға қолдау көрсету орталығын қамтамасыз етіп отыр. 2016 жылы ол бұл бағытта 68 млн теңгесін жұмсады.

Сонымен қатар, оның компаниясы «BI-Жұлдызай» қоры арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларға көмектеседі.

Дәурен Жақсыбек

"Аналар үйі" ауқымды жобасының екінші қолдаушысы - Әділбек Жақсыбековтің ұлы. Forbes-2016 тізіміне сәйкес, бизнесмен Дәурен Жақсыбек 486 000 000 доллар байлыққа ие. Ол «Цесна» корпорациясының 45%-ына иелік етеді. Қайырымдылыққа жаны жақын.

Ол Қазақстан бойынша "Аналар үйіне" жыл сайын миллиондап қаржы құяды. Желіде меценаттың қайырымдылықтары туралы ақпаратты айтарлықтай көп таба алмайсыз. Ол мұны жасырын ұстағанды жөн санайды.

Нұрлан Смағұлов

Құрамына «Астана Моторс» пен MEGA кіретін Astana Group иесінің мүлкі - 400 000 000 доллар. Бизнесмен ақшасын қымбат картиналарға ғана емес, қайырымдылыққа да жұмсайды.

Мәселен, Смағұлов қазақстандық балаларға су жаңа көлікті жиі сыйға тартып тұрады – 2017 жылы «Астана Моторс» үш Hyundai микроавтобусын «SOS балалар ауылына» және  бір микроавтобусты Астанадағы «Балалар үйіне» сыйлаған болатын.

Сонымен қатар оның MEGA компаниясы алматылықтарға үлкен спорт паркін сыйлады. Ал жақында Петропавлдың тасқыннан зардап шеккен тұрғындарына тегін мыңдаған киімнен бастап, азық-түлікке дейін таратылды.

Вячеслав Ким 

Қазақстандық бизнесмен Вячеслав Кимнің байлығы 275 000 000 долларға бағаланған. Бүгінде ол Forbes тізімінің 21 орнында. Ол Kaspi Bank акционерлік қоғамының 58%-ына, Magnum Cash & Carry компаниясының 35%-ына, «Колесаның» 17%-ына, «Алсеконың»45%-ына және «Интерфинанстың» 100%-ына иелік етеді.

Осы жылы Вячеслав Михаил Ломтадземен бірге Қазақстанда аутизмге шалдыққан балалар үшін үй ашты. Ол «Милосердие» қорына "Балаларға өмір сыйла" жобасы аясында қаражат аударып, кішкентайлардың шетелде емделуіне жағдай жасап отыр.

Нұрәлі Әлиев 

Кәсіпкер әрі Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі де қарапайым халыққа белсенді көмектеседі. Ол жарымен бірге «ZHANARTU» қайырымдылық қорын құрған - қор IT-саласында жас дарындарды анықтап, олардың бастамаларына қаржы бөліп отырады.

Одан бөлек, Нұрәлі Әлиев "Аналар үйі" жобасына қаражат бөледі. Оның Алматы, Қарағанды, Орал және Қызылордадағы үйлерді қамтамасыз етіп келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды. 2016 жылдың мәліметтеріне сәйкес, аталмыш төрт үйде 400-ден астам бала жетім атанудан құтқарылды.

Айта кетерлігі, бұл тізімге өз қайырымдылықтары мен жақсы істерін жалпақ жұртқа жария етуден аулақ талай меценат енбей қалды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Арықтаған қызметкерлерге сыйақы беретін компания жұртты таң қалдырды

Төрт жастағы француз қызы ғашығына бару үшін түн жарымда үйінен қашып кеткен

Сапарбаевтан үнемі сөз еститін бас педагог өзінің стреске ең төзімді шенеунік екенін жеткізді

Алматыда қатты жыламдықпен келген BMW көлігі жолаушылары бар автобусқа соқтығысқан (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1490822-qazaqstan-mecenattary-khalyqpen-aqsha/

pixel