Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық отбасы күнін тойлауды дәстүрге айналдырған шымкенттік әулет жұртты сүйсіндірді

Опубликовано:

Кеше, 15 мамыр – дүние жүзі бойынша халықаралық отбасылар күні тойланды. Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын қарапайым әулет ұрпақтары бірнеше жылдан бері бұл күнді атап өтуді дәстүрге айналдырған. Биыл да бұл дата ұмыт қалмай, олар шағын ғана ауылда бас қосты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ОҚО, Ордабасы ауданы, Көктөбе елдімекенінде тұратын әулеттің қызы Аят Боранбаева мен жолдасы Алтай Қыдырбаев өз шаңырағында туыстарының басын қосып, алдымен әруақтарға құран бағыштады.

Жиен, нағашы, бөле, ағайын боп келетін туыстар құран басында болып, кейінірек әулет ұрпақтары табиғат аясына шықты.

Айта кетерлігі, Есжановтар әулеті үшін мұндай шара жыл сайын дәстүрге айналған. Оны Халықаралық отбасы күніне орай ұйымдастырудың да өз себебі бар.

Әулеттің қызы Аян Боранбаеваның айтуынша, айтулы мереке қарсаңында ұрпақтың бір-бірімен қауышуы - туыстық қарым-қатынасты нығайтуда өзіндік үлесін қосады.

«Мен Есжанов Боранбайдың қызымын. Әпкемнің үйіне қонақ боп келіп отырмын. Қазір көбі біз секілді зейнет жасындағы адамдар емес, жұмысбасты. Сондықтан әулет ұрпақтарының басын қосып, оның үстіне жан-жақта тұратын туыстармен жақын араласу мақсатында жыл сайын арада болатын той-жиыннан бөлек осылайша кездесіп тұрамыз.

Әрине, бұл шараны отбасы күні қарсаңында әдейілеп белгілеп алғанбыз. Бізден тараған ұрпаққа отбасылық жылулық пен мейірімділікті сезінуде де өзіндік үлесін қосады ғой. Үлкендер жағы жастарға өнеге-өсиеттерін айтады», - деді бес баланың анасы, зейнеткер Аян Боранбаева.

Сонымен қатар сұхбаттасушымыз әр жылда өтетін басқосудың өзіндік қызықтары барын да айшып айтты. Мәселен, осыдан екі жыл бұрын Түлкібас ауданында бас қосқан олар тосыннан жауған жаңбырдың астына қалып қойған.

Ауылды жерде қаладағыдай асфальттың жоқ екенін алған тартқан Аян Боранбайқызы көліктері лайға тығылып, біраз әбіржігінен күліп еске алды.

Бабалар рухына құран бағышталған соң әулет ұрпақтары сол ауылдағы Боралдай өзені аумағына барды.

Әулеттің үлкендер қауымы табиғат аясына келгенше немере ұлдар мен күйеу балалар сая болатын көлеңкелі аумақты дайындаса, келесі бірі отынның қамына кірісті. Келіндер болса, ас әзірлеуді қолға алды.

Ал кәуап дайындау – ерлердің мойнына жүктелді.

Балалар өзенге алаңсыз шомылып, бір сергіп қалды.

Үлкендер жағы келіп жеткен соң дастархан жайылып, отбасылық құндылықтар турасында ашық-әңгіме өрбіді. Отбасы күні мерекесінің маңыздылығы мен жастар тәрбиесі туралы мән-мағынасы бар әңгіме өзгелерге үлгі боларлықтай екенін атап өту керек.

Астан дәм татылған соң жігіттер футбол ойнап, уақыт өткізді. Ал нәзік жандылар болса, би билеп, біраз көңіл көтерді.

Кейінірек туыстар бір-біріне сыйлық-кәде жасады.

Осы ретте ақпарат ретінде айта кетейік, мереке қарсаңында бас қосқандар Боранбай мен Шегебай Есжановтардың ұрпақтары. Боранбай Есжанов солақай саясаттың салдарынан «Халық жауы» деп бірнеше рет қамауға алынып, кейінірек ақталып шыққан азамат. Алаш ардақтысы 1896 жылы дүниеге келген.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Аңқау бойжеткен бір жыл бойы неке жүзігін тағып жүргенін білмеген

Қызылордада мұржа астында қалған екінші жұмысшының мәйіті табылды

Қазақстандықтарды шошытқан "улы жәндіктің" не екені белгілі болды (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1493731-khalyqaralyq-otbasy-kunin-toylaudy-da/