Екібастұзда бүлдіршінді мақтай отырып ұратын логопед жасырын видеоға түсіп қалған (видео)
Опубликовано:
Қазнетте Екібастүздағы логопедтің тілі кеш шығып жатқан баланы желкесінен ұрып, сабақ үйретіп жатқан видеосын жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.
Видео YouTube-тағы "Экибастузец полезный" парақшасында жарияланған.
Баланың анасы танысының ұсынуы бойынша логопед-психологқа жүгінген.
Сабақ кезінде баланың анасы мен апасы басқа бөлмеде болған, ал логопед бүлдіршінді мақтаған дауысын қаттырақ көтеріп қойып, желкесінен ұрып отырған.
Соққы тиген бала даусын шығарып жылай алмағандықтан, үнсіз көзінің жасын төккен.
Баланың анасы логопедтің стандартқа сай емес сабақ үйретуінің себебін сұрағанда, әйел адам өз кінәсін мойындаған.
Бірақ, баланы ұрмағанын, осылай оған сабақ үйреткісі келгенін айтқан.
Баланың анасы полиция мен прокуратураға шағым түсірген. Адам шошырлық видеоны Екібастұздың білім бөлімі зерттеп жатыр деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Сабақ үстінде бөлмеге кіріп қалған апасы, логопедтің немересін "Міне, жарайсың!" деп отырып, желкесінен салып қалғанын байқаған. Кейіннен біз баланың одан қорқатынын байқадық.
Ол жыламайтын, бірақ оны көргенде көзінен жасы ағатын. Педагог болса мұны бейімделу",- деп атады дейді үш жасар Юраның анасы Анастасия Безукладникова.
Түсірілген видеоны логопедке көрсеткенде, педагог ешқандай да өкінішін білдірмеген.
"Видеоны көрген логопед баланы ұрмағанын айтқан. Жұмысынан айырыл қаламын деген ол, видеоны желіге салмауды сұраған.
Баламен бір ай тегін жұмыс жасаулы ұсынды. Ол адам тіпті істеген ісіне өкініп отырған жоқ, ол үшін бұл қалыпты жағдай", - деп атап өтті Анастасия.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қонаевтан бата алған балуанға шәкірттері дүркіретіп той жасады
2000 теңгелік бутерброд: Алматы әуежайы неге қымбат бағалар қояды?
Ақтөбеде подъезден табылған нәрестенің жүрегінде ақау болып, шетінеп кетті
Астанада жолаушыларға лық толы "резеңке автобус" жұрттың ашуын келтірді
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1493815-ekibastuzda-kulip-otyryp-balany-urat/