Ақтөбеде мемлекеттік мекемені басқарып отырған басшы кабинетте ішіп отырған жерінде ұсталған

Опубликовано:

Ақтөбедегі «Апаттар медицина орталығы» мемлекеттік мекемесінің қызметкері жұмыс бабында кездесетін барлық келеңсіз жайларды жайып салды. Қала сыртындағы жол апаттары мен өрт оқиғаларына шығатын дәрігерлер ішімдік ішіп, отырыстар өткізіп келген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Іштегі жиналыстар отырыстың айналасынан шықпайды. Ақша жинауға қарсы шыққандарды «жұмыстан шығасың» деп қорқытады. Кеше 29 сәуірде басшымыз Рамазан Сағиданұлы бастаған мекеме қызметкерлері кабинетте арақ ішіп отырған жерлерінде ұсталды.

Сол күні төтенше жағдай департаментінен өзіндік қауіпсіздік қызметінің мамандары келді. Бізде әр мереке алдында жеке құрамның тексерісі өтеді. Біздің бастық Рамазан Сағиданұлы мекемеде жасайтын өз адамдарымен ішіп отырған жерінен ұсталды. Оларды бейнетаспаға да түсірген.

Тексерістен кейін араларында ішімдік ішкені - тек дәрігер қылып шығарды. Бәрі бір үстелде отырып, бір адамның ішкеніне қарап отырмаған болар», - дейді мекеме қызметкері. Ол атын жарияламағанда ғана мемлекеттік мекемедегі былықты айтып беруге келісті.

«Біздің мекемені 2000-2016 жылдары Асқарбек Қаржауов басқарды. Ол кісінің мекемеге көп еңбегі сіңді. Астанадағы бас мекемеге Бақытбек Тұрабайұлы келгеннен кейін өз адамдарын жинау басталды. Қудалап жүріп Асқарбек Қаржауовты жұмысынан кетуге мәжбүрледі.

2016 жылдың сәуірінен бізге басшы етіп Рамазан Давлетқалиевті тағайындады. Ол - Есқалиевтің бірге оқыған досы.

Жаңа басшы бізге күн берген жоқ. Жиналысты тек мереке қарсаңында жасап, қай мерекеге қанша ақша жинау керек екендігі туралы ғана айтады», - деп баяндады жұмысшы.

Қызметкерлер мекемелерінде болған былықты басқа бөлімнің жұмысшыларынан естіген.

«Ішімдікке қатысты барлық нәрсе жасырын түрде қалған. Бір өрт оқиғасына барғанымызда өрт сөндірушілер бізге «алқаштар келе жатыр» деп күлді. Мекеменің ішінде ішіп не «картопты жарып» жатсыңдар деді. Арақ ішілгенін содан кейін білдік.

Осы оқиғадан кейін Астанада басшылықта отырған досы келді. Істі анықтаудың орнына басқа адамдарды кінәлі қылып шығарды. Астанадағы басшымыз бізді қорқытып «Бұл туралы бір жерге жазсаңдар жұмыстан шығарамын» деп кетті.

Іштегілердің бәрінің басында несиесі, бала-шағасы бар. Басшымыздың үстінен шағым да айта алмаймыз. Себебі, Астанада отырған басшымыз - өзінің досы. Арыз жазуға қорқамыз. Арамызда жалғызбасты аналар бар»,- дейді маман.

Осылай деген жұмысшылар Астанадағы басшыларынан қорқып отыр.

«Жоғарыда болған жағдайдан кейін басшы жұмыстан кетті. Сол ішкендердің арасында болған екі фельдшер әлі жұмыс жасап жатыр. Олар бастықтың «жақын» адамдары.

Бір мекемеде екіге бөлініп отырмыз. Сондықтан жауапты мекемелер тексеріс жасаса дейміз. Біз ІІМ-не қараймыз. Бұл жағдайлар министрліктің құлағына жетсе дейміз», - дейді қызметкер.

Қаланың сыртында тіркелген өрт, жол апаты оқиғаларына баратын апаттық медицина қызметінің жағдайы мәз емес.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Асхат Садырбай кинодағы қазақ жастарының сүйісуін "жиіркенішті" іске теңеді

Мас күйінде полицейдің бетіне түкіріп жіберген павлодарлық тұрғын істі болды

Ақтөбелік депутат су тасқынынан зардап шеккен мүгедек жанға пәтер сыйлады 

Ақмола облысында 24 шенеунік қылмыстық топ құрып, жер сатты деп айыпталуда

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1496171-aqtobede-memlekettik-mekemeni-basqa/