Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың пәк жігіттері шәуетін шетелге сатып, байып жатыр

Опубликовано:

Пәктігін әлі күнге дейін сақтап жүрген Астана тұрғындарының бірі швейцариялық компанияға шәуетін сату арқылы жақсы табыс тауып жатқанын айтып мақтанды. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жасартатын косметика ұсынатын еуропалық өндірушілер шәует жинау үшін еліміздің жігіттеріне жүгінген екен. Ербол есімді азамат бұл бизнеске швейцариялық бойжеткенмен әңгімелескеннен кейін бет бұрғанын айтуда.

Белгілі болғандай, шетелдік бойжеткен елімізде шәует доноры болатын пәк азаматтарды іздестіріп жүріпті.

"Швейцариядағы Кристинаның фирмасы жасарататын косметика өндірумен айналысады. Оның құрамында сепрмина бар. Бойжеткенге шәует көп мөлшерде қажет болды. Оның өзінде тек қана пәк жігіттердің шәуеті. Оның сапасы жоғарырақ-мыс. Мен бірінші курстағы достарыммен жатақханада сөйлесіп көрдім. Содан кейін бәрі басталды", - деп ағынан жарылды Ербол.

Студент күн сайын дерлік Еуроодаққа қымбат жүкті жіберіп отырады: 300 миллилитр шәует. Құрғап қалмас үшін шәуетті балмен араластырып, оған мұз қосады. Кішігірім термос қолына түсе салысымен, бойжеткен Ерболға үш мың еуро лақтырады. Ақшаның денін азамат өз қалтасына басады екен.

"Жұмыс ауыр емес. Тек пәк жігіттерді табу қиынға соғады. Тапқан жігіттерді пәктігінен айырылып қалмауы үшін аңдуыма да тура келеді. Олардың пәк екеніне көзімді жеткізу үшін анасымен ант беруін сұраймын. Бір бұрышқа тартымды бойжеткеннің суреті ілінген оғаш орын бөліп қойғанмын", - деп жалғастырды Ербол.

Ербол шәуетке деген сұраныстың жоғары болғанына аң-таң. Ғалымдар сперминің 20%-ға қартаю үрдісін тежейтінін анықтапты дейді ол.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеу басталды

Абаев: Әзірбайжан банкіне салынған зейнетақы қорындағы қаражатқа ешкім алаңдамасын

Әйелін 13 жерден пышақтаған қостанайлық тұрғын сот алдына келді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1498486-astananynh-pak-zhigitteri-shauetin-shete/