Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеті қасқырдың ортасында қалған аңшы қалай аман құтылғанын айтты (фото)

Опубликовано:

Аңшылық қазіргі заманда байлар үшін қызық пен демалыс. Ал, аң десе ішкен асын жерге қоятын қария Заманбек Таңатаров үшін бұл басты күн көріс көзі. Неге десеңіз, ақсақалдың кіндігінен тараған он баласы бар деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Ұрпағын елден кем қылмай өсіріп, тамағын тоқтау үшін аптаның бес күнінде жалақыға жұмыс жасаса, демалысын шалқайып жатпай аң аулауға арнайды. Қария ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылында тұрып, 30 жылда 300-ден аса түз тағысын қанжығасына байлаған.

Қасқыр иісті 50 шақырымнан сезеді

Он бала бағу оңай емес. Кеңес үкіметі тұсында бір қасқыр ұстасаң -100 сом сыйақы аласың, терісін жеті сомға сатасың және жергілікті совхоз басшысы 1,5 тонна тегін жем түсіреді. Осындай пайдасы үшін аңшылықты 1983 жылдан бастап қолға алдым. Ол кезде ауылда 30 мың бас қой бар.

Қасекең (қасқыр) осы малға тыным бермейді. Сондықтан да қасқыр аулауға рұқсат болды. Мылтық жоқ, 2-3 қақпаным бар. Соларды таудың басына апарып құрып кетем, бірақ олжа болмады.

Кейіндете орыс досымнан қасқыр аулау үшін үстіңдегі киімді, қақпанды жусан мен ермен шөбіне және малдың тезегін аралыстырып, бұқтырып, суына барлығын салып қайнату керек екенін үйрендім. Себебі, қасқыр иісті 50 шақырым алшақтықтан сезеді. Адамның, қақпанның иісін біліп, ол жерді айналып өтеді екен. Осылайша 1983 жылы алғашқы арланды досымыз екеуміз қақпанға түсірдік.

Қасқырды аңдып екі апта далада түнеген кездерім бар

Аңшылық құмар ойын секілді. Бір рет аң атып үйренсең, атың болмаса да жаяулатып тау-тасты кезіп кетесің. Тіпті шаршауды білмейсің. 50-60 шақырымды жаяу жүріп, екі апталап далада түнеген күндерім болды. Себебі, қасқыр аулауда ептілік пен төзімділік қажет. Қақпанды құрып, сыртынан аңдып он шақты күн жатасың.

Әлі есімде, құрған қақпаным сәтті болып бір үйірді бірден аулаған кезім. Қалай десеңіз, бір үйірде 12-ге жуық қасқыр болады және оларды арланы немесе ұрғашы аналық бастап жүреді. Құрған қақпанды бірінші сол барлаушысы тексеріп көреді. Егер басшылары түсіп жараланса үйірі жайына қалып, басқа күшіктері ашыққаннан тамақ іздеп келіп, шетінен қақпанға түсе береді.

Ал, қақпандағы қасқырды ұрып алу оңай шаруа емес. Жаралы болып тұрса да өзіңе шауып, бой бермейді. Көбінесе қайың немесе теректің жуан бұтағымен артынан қуып жүріп, дәлдеп тұрып тұмсықтан жақсылап бір соқса, сылқ етіп жерге құлайды. Бірақ екі-үш күн тірі жатады, жаны сірі. Таң қаларлығы қасқыр қансырап жатып, терісін сыпырсаң да қыңсыламайды, тек ырылдай береді. Сол үшін де қазақты «қасқыр мінезді» деп айтады.

Жеті қасқырдың ортасында жалғыз қалдым

1990 жылдың желтоқсан айында танысымның мылтығын алып, аңға шықтым. Жаяулатып аң іздеп, дүрбімен бес шақырым жерден арқарды көрдім. Еңбектеп барып, атып алайын десем, мылтықтың шүріппесі басылмайды. Оқты ауыстырдым атылмайды. Осылайша олжасыз ауылға қайтып келе жатсам, соңыма жеті қасқыр ілесті.

Өмірімде бірінші рет қатты қорықтым. Не мылтығым атылмайды, не атым жоқ. Жалғыз далада жеп кетсе, балалар не болар екен деп. Бірақ, бөрілер маған жақындамады, себебі, мылтықтың иісін сезіп жоламаған. Осылайша ауылға дейін еріп келіп, кейін қалды. Ертесі мылтықты тексеріп көрсек, дұрыс майланбағандықтан шүріппесі басылмай қалыпты. Бұлда бір Алланың сынағы деп қабылдадым.

Бөрілер 60 қойымды қырып тастады

Бұрын қасқыр қыл арқанды аттамайтын. Сол үшін де қоршау деген болмайтын, малдың сыртын сым темір немесе қыл арқанмен ғана айналдыра жерге тастап қоятынбыз. Ал, қазіргі қасқырлар ауылға кіреді, тіпті жүк көлігін шайнап тастағысы келіп, арсылдап шабуылдағанын көріп таң қалам. Қақпанға да көп түсе бермейді,

Себебі етті байқаса тырнағымен тартып көріп, тексереді. Мылтықтан да қорықпайды. Бірер жыл бұрын жайлаудағы қорамыздан 12 қасқыр 60 бас қойды айдап әкетті. Үйде бірнеше адам отырып, түк сезбей қалдық. Таңқаларлығы түз тағысы ешбір қойды жемей, әрбір 100 метр сайын бір-бірлеп тамағын осып өлітіріп, тастап кете берген. Құдды бір кек алғандай.

Соңғы қойды тамақтап дәл жартастың үстіне жатқызып қойыпты. Маған жасаған мазағы секілді. Өлген қойды жинап, бір сайға көміп жан-жағына түгел қақпан құрып қыс бойы күттім. Бірақ, ешбірі келмеді.

Жыртқышты «қасқыр» деп атауында терең ой бар

Қарияның сөзінше, қазақтың жыртқышты «қасқыр» деп атауында терең ой бар. Яғни, «қас қыл да қыра бер» деген мағынаны білдіреді. Мал көрсе бірін қалдырмай өлтіріп кетеді. Аңшы қария қасқырды бұтамен ұрып алуға әлі де қалі бар, тың екенін айтады.

«Жылына екі-үш рет аңға шықпасам ауырып қаламын» деп әзілдеген ақсақал қасқырды аулағаны болмаса, ел-жұрт секілді терісінен тон тігіп, киім немесе емдік үшін етін де жемеген екен. Тіпті, естелік үшін өзіне бір данасын да қалдырмапты. «Барлығын сұрағанға бердім, ешқашан дүние жиған» емеспін дейді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Күйеуі мен туыстарын жек көретін келінге қалай тығырықтан шығуға болады?

Әйелімен рулетка ойнаған ер адам оны өлтіріп алды (фото)

БҚО тұрғыны полицейден көрген қорлығын айтып берді

Апатты жағдайда қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеу басталды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1499056-zhasy-76-gha-kelgen-qart-anhshy-300-borini-qalay/