Ақтөбеде жұмыс орнында ішімдік ішкен шенеунік жұмысынан қуылды
Опубликовано:
NUR.KZ порталында «Ақтөбеде мемлекеттік мекемені басқарып отырған басшы кабинетте ішіп отырған жерінде ұсталған» атты мақала жарияланған болатын. Бұл жайтқа қатысты ТЖД баспасөз қызметі түсініктеме беріп, ішімдік ішкен басшының жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.
«Бұған дейін 2017 жылғы 29 сәуірде жоғарыда жазылған жарияланым жарық көргенге дейін Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкерлері рейд іс-шараларын жүргізу барысында «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы мен осы филиал кезекші дәрігерінің жұмыс орнында ішімдік ішу фактісін анықтаған болатын», - деп жазылған баспасөз хабарламасында.
Бапсасөз қызметі аталған факті бойынша басшы мен филиал дәрігері қызметінен босатылғанын алға тартты
«Осы факті бойынша «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің білікті мамандарынан құрылған комиссия қызметтік тексеру жүргізді. Қызметтік тексеру нәтижесінде еңбек тәртібін бұзғаны үшін «Апаттар медицинасы орталығы» ММ Ақтөбе облысы бойынша филиалының басшысы мен осы филиалдың дәрігері 2017 жылғы 12 мамырда жұмыстан босатылды», - дейді баспасөз қызметінің өкілі.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Он баласын асырау үшін аңшы атанған қария қасқырлармен қалай арпалысқанын айтып берді (фото)
Зейнетақы қоры 8 миллиардтан астам қаражатты іссапарлар мен жалақыға жұмсаған
Еліміздегі ең бай бизнесменнің қызын алған отандық әнші дүркіретіп той өткізді (фото, видео)
Оңтүстік Кореяға қыдырып барған отандастарымыз әуежайдың жертөлесінде қамауда отыр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1499281-aqtobede-zhumys-ornynda-ishimdik-ishken/