Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде 40 жастағы әйелдің жалғыз ұлын қайын сіңлісі тартып алған (фото)

Опубликовано:

Семейде 40 жастағы келіншек туған ұлын қайтара алмай жүр. Бақыт Дайырбекованың бір жастан асқан сәбиін қайын сіңлісі тартып әкеткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Баламды күйеуім бермей жүр. Оны іздеп Алматыға дейін бардым. Артынша олар Аягөз қаласында деп естіп, сол жаққа бардым. Қолымда баламның туу туралы куәлігі болмағандықтан ұлыма қолым жетпеді. Жолдасымның өзі қайтпаймын дейді. Үлкен азамат қой. Ата-анамның жоқтығын пайдаланып, мені мазақ қылып жүр. Маған одан ештеңе керек емес, тек баламды берсе болды», - дейді Бақыт Дайырбекова.

Семейде жеңгесінің жалғыз ұлын тартып алып кеткендердің ісі жабулы күйінде қалды.

Бақыт Дайырбекова әпкесі мен қарындастарының ықпалынан шыға алмай отырған күйеуінен айырылысуды ойлаған. Ал, отағасы әйелімен ажырасқысы келмейді екен.

«Әпкелері екеуміздің ортамызға түседі. Егер мені аналық құқығымнан айырып тастаса, түсінер едім. Үйге қайын сіңлім баса-көктеп кіріп, менімен төбелесіп жүріп, баламды қолымнан алып кетті. Есіктің құлпын да өзі ашып алған. Мұны ұрлық деп айтуға болады. Бірден Семей қаласындағы Әуезов аудандық полиция бөліміне арыз түсірдім. Ондағылар арызымды қайтарып тастап, іс жабылып қалды. «Өзіңіз Аягөзге барып сөйлесіңіз», - дейді полиция. Жүгіріп жүргеніме үш ай болды, еш нәтиже жоқ», - дейді етегі жасқа толған ана.

Зар қаққан ана өзімнен ешқандай қателік кеткен жоқ деп ақталды. Сондықтан, бұл іске құзырлы органдар араласуын сұрауда. Ананың бар арманы - шынашақтай Айсұлтанды бауырына басу.

Учаскелік полиция бөліміндегілер бұл даудан хабарсыз екенін айтып, NUR.KZ тілшісін кәмелетке толмағандардың  ісін қарайтын инспекцияға сілтеді. Ал ондағы мамандармен тілдесу мүмкін болмады.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Тағы бір лауазымды тұлға 3 млрд қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды

Әйгілі Сталиннің немересі қатерлі ісіктен қаза тапты

Тамара Асардың үздік 10 образы

Алматы облысында жолдан өтпек болған оқушы қыз асфальтқа жабысып қалды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1502672-semeyde-40-zhastaghy-ayeldinh-zhalghyz-ulyn-q/