Алматылық түлектер жүздеген мыңға лимузин жалдап, ақ тілектерін санына жазып алды (фото)
Опубликовано:
Алматылық мектеп түлектері жыл сайын соңғы қоңырау шарасынан кейін қалаға шығып қыдыруды әдетке айналдырған. Жастар қаладағы тұңғыш президент саябағында көңіл көтергенді ұнатады деп хабарлайды NUR.KZ.
Мұнда алматылық мектеп бітірушілермен қатар қала маңындағы елді мекеннен келген оқушылардың қарасы көп. Олар ауылдарынан автобус жалдап, осында естелік суретке түсуге арнайы келеді.
Мектеп бітіруші қыздардың көпшілігі соңғы қоңырауға әдеттегі мектеп формасынан өзгеше арнайы киім әзірлеген.
Осы күні қыз-жігіттер ақ жолтай тілектерін үстіндегі киімге жазатын болған.
Тіпті ақ тілектерді құрбы қыздар бір-бірінің санына жазып қалдырып жатты.
Балалық шағымен қоштасқан түлектер саябақта ойын-сауық құрып, барынша көңіл көтеріп қалуға тырысуда.
Ал, олардың көптігі осындағы тазалыққа жауап беретін мамандарды әуреге салып жатыр.
Бүгінгі түлектер соңғы қоңырауды ұмытылмастай етуді жақсы біледі.
Сағатына 22 мың тұратын мына ұзын көліктерді жалдаған мектеп бітірушілер саябақтан соң, Алматының басқа да көрікті жерлерін араламақ.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Семейлік қыз желге ұшқан ақшасын жинаймын деп көпірден құлап кетті
Сүйіктісінің ұсыныс жасағанын айтып мақтанған қыз масқара болды (фото)
Абель Санчес: Головкин "Канелоны" қорғануға мұршасы қалмағанша сабайды
Жаралы балаларға жанұшыра көмектескен қаңғыбас жігіт жұртты тәнті етті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1503754-almatylyq-tulekter-zhuzdegen-mynhgha-li/