Алматыда ашаршылық құрбандарына арнап ескерткіш орнатылды (фото)

Опубликовано:

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Алматыда 1931 – 1933 жылдардағы ашаршылық құрбандары ескерткішінің ресми ашылу салтанаты болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған шараға репрессия мен ашаршылыққа ұшырағандардың ұрпақтары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, қала белсенділері мен жастар қатысты.

Тағы оқыңыздар: Қырғыздардың бас мүфтиі католик шіркеуінде азан шақырды (видео)

Алматы әкімі монументтің Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен ашылып отырғанынын айтты. 1918- 1933 жылдар аралығында Қазақстанда түрлі деректер бойынша үш миллионнан астам адам опат болған, ал 1931-1933 жылдары 1 млн 700 мың адам қырылған.

1937-1938 жылдары 100 мыңнан астам қазақстандық репрессияға ұшыраған.

«Бүгін мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткішті Алматыда да ашқалы отырмыз...

Ана – барша тіршіліктің қайнар көзі, ұлттың ұйтқысы, келешектің кепілі. Ана қасіреті – ел қасіреті... Ашылғалы отырған ескерткіш өскелең ұрпақтың жазықсыз шейіт болған ата-бабалар мен аналардың рухына бас иіп, Тәуелсіздіктің тәттілігін, азаттық пен бейбіт өмірдің баға жетпес байлық екенін ұғына білетін киелі орын болсын деп тілейміз! Бұл ескерткіштің мәні – өткендер рухына тағзым, ал, болашақ үшін - тағылым», - деді Байбек.

 

1931-1933 жылдардағы аштық құрбандарының ескерткіші «Қарағайлы» саябағындағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысына орналасқан. Қола мен граниттен жасалған, биіктігі 3 метр бұл ескерткішті сәулетшілер Қанат Бегулиев, Айдос Бүркітбаев және Дулат Үсенбаевтар жасады.

«Аштықтан бұратылған сәбиіне қорған бола алмаған Ана жүрегі қан жылайды. Баланың көзі жұмулы, анасын құшақтауға тіпті  әлі де жоқ. Ана табанының астында бос төңкерілген қазан жатыр», - деп түсіндірді скульптура авторлары.

Тағы оқыңыздар: Рамазан айына арналған ерекше құттықтау жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Қазақстан президентінің 1997  жылғы Жарлығы бойынша 31 мамыр репрессия құрбандарын Еске  алу күні болып жарияланды.

Астанада «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі мен «АЛЖИР» мұражай кешені, ашылған, ал Алматы облысында ашаршылық құрбандары мен репрессияға ұшырағандарға монумент қойылған, еліміздің барлық өңірлерінде мұражайлар, ескерткіштер, мемориалды кешендер бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1509495-almatyda-asharshylyq-qurbandaryna-esk/

jitsu gif