Жаңбыр құйып тұрғанда асфальт төсегендер елдің түсінбестігін туғызды

Опубликовано:

Қостанайда жұмысшылар жаңбыр жауып тұрғанда жолға асфальт төсеген. Бұл оқиға жұртшылықтың наразылығын тудырды, деп хабарлайды аlau.kz-ға сілтеме жасап baq.kz.

Желіде Қостанайдағы шағын аудандардың бірінде жаңбыр жауып тұрғанда жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқаны түсірілген видео тарады.

Бейнероликтің авторы осы жолдың ақыры жөнделіп жатқанын көріп, сол үшін «жаңбырға алғыс айтады».

Тағы оқыңыздар: Білім министрі ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгеретінін айтты

Басылымның жазуынша, жөндеу жұмыстарынан кейін Абай даңғылы қаладағы тәуір жолдардың біріне айналмақ.

Бұл жердегі жол жөндеу жұмыстары сәуірде басталған. Жөндеу жұмыстары жаздың соңына дейін аяқталуы тиіс екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1509854-zhanhbyr-quyyp-turghanda-asfalt-tosege/

jitsu gif