Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттіктер елде жоқ махаббат аралын ашып, тағы да таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Кезінде Шымкентті Лас Вегасқа айналдырам деген әкім Ғабидолла Әбдірахымов қаланы махаббат аралына айналдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бүгінде Оңтүстік шаһардағы демалыс орындары шетелмен бәсекелесе алатындай халге жеткен. Мәселен «Жайлаукөл» саябағындағы аттракцион биіктігі жағынан Орта Азияда екінші орынды еншілейді. Ал жақында ашылған «махаббат аралы» тұрғындарды бір қуантып тастады.

Тұлпар көлінің ортасына салынған дәмханасы бар мекен – "махаббат аралы" деп аталады. Кәдімгі арал болмаса да жастар үшін оңаша қалып, жақсы демалыс өткізетін орын. Сол үшін де мұнда бозбала мен бойжеткеннің қарасы көп.

Тағы оқыңыздар: Министрдің 20 жастағы қызы ЭКСПО-2017 көрмесінде жұмыс істемекші

Көлдің ортасындағы аралға бару үшін қайық жалдауыңызға тура келеді. Қол ұстасқан қос ғашық межелеген жерге жеткен соң, романтикалық кеш өткізіп, суретке түсіп, түстенулеріне әбден болады.

Әсіресе жаздың аптап ыстығында "махаббат аралы" тек жастарға ғана емес жастығын еске салатын егде кісілер үшін де таптырмайтын орын болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1510758-shymkenttikter-elde-zhoq-makhabbatyn-ar/