Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

36 жыл бойы АҚШ-та тұрған қазақ әжей өзін іздеп келген қандастарын көріп жылап жіберді (видео)

Опубликовано:

36 жыл бойы АҚШ-та тұратын әже өзін іздеп барған қазақтарды көргенде жылап жіберді. Отандық журналистер «Шетелдегі қазақтар» атты саяхаты кезінде АҚШ-тың Вирджиния штатында тұратын 101 жастағы әжеймен кездесіп қайтты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Тілші Әмірболат Құсайынұлының сөзінше, 91 жыл бойы елінен жырақта жүрсе де Әсия Сардарбекқызы қазақ тілін еш ұмытпаған. Тіпті, Американың азаматы болса да жүрегі қазақ деп соғып, әр дұғасына туған елінің амандығын қосып отырады екен.

Мұхиттың ар жағынан келген қандас бауырларын көргенде Әсия әже қуаныштан көз жасын тия алмай, тілшілер арқылы туған еліне дұғай-дұғай сәлем жолдаған.

«Жүрген жерім-ау. Туған жерім-ау. Жаным елім. Құрбан болған елім-ай. Ағаларым, туыстарым айналайын. Бәрі есімде бар. Қазақстанымды көп жасқы көрем. Әкем-шешем сағынып, жылап-жылап өлді. Барлық туыстарым қазақтарға сәлем сөйле.

Назарбаев, балам, дұға қылып жатырмын. Балам, сен мемлекетті жақсы қылып жатырсың. Апа сәлем айтып жатыр. Өміріңді ұзақ қылсын. Барлық туыстарым, қазағыма сәлем айт. Елім-ау, жерім-ау. Шу ауданы жерім-ау» ,- деді Әсия Сардарбекқызы.

101 жастағы қарияның жүрек жарды сөзі мен аманатын мына видеодан көре аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1511928-36-zhyl-boyy-aqsh-ta-turghan-qazaq-azhey-ozin/