Азиаттарды "чуркалар" деп кемсіткен ресейлік сериал желі қолданушыларының ашуына тиді

Опубликовано:

«Біздің аулада» деп аталатын сериал кейіпкерлерінің Орта Азиялық мигранттарды «чурка» деп атауы қазақстандық желі қолданушыларының ашуына тиді деп хабарлайды NUR.KZ.

Детективті сериал ресейлік бірінші арнаның «Время» бағдарламасынан кейін көрсетіліп жүр. Сериалдың анонсынан белгілі болғандай, Мавлюда есімді өзбек мигранты басты кейіпкер полицей Владимир Каленыйға күйеуін іздестіруге көмек көрсетсе оған төлейтінін айтады. Ал Каленый өзбек қызына: «Чуркалар» сияқты ма?», - деп жауап береді.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы "Ритц Карлтонның" ашылуына қатысқан элиталы тұлғалар қалай киініп келді? (фото)

"Осынша ксенофобия, кемсітушілік, азиаттарға үстемдік көрсету қайдан шыққан? Кеше бірінші арнадан тәжік гастербайтерлері туралы фильмді көрдім. Ондағы басты кейіпкер полицияға келіп: «Менің пәтерімде чуркалар қайдан жүр?», - деп мәлімдейді. Полицей оған: «Үйіңізде чуркалар жоқ, уайымдамаңыз», - деген жауап қайтарады. Екеуара осындай әңгіме болады.

Мен мұны бірінші рет байқап отырған жоқпын. Олар осылайша терісінің түсі басқа, көз қиығы бөлек көрші елдердің азаматтарын кемсітіп, өздерінің орта азиялықтардан үстем екендіктерін көрсеткісі келеді. Бұл өте өкінішті жағдай. Кейде қазақтар Мәскеуді неге қорғады екен, олардың ұрпақтарын «чурка» деп атау үшін бе?», - деген ойға қаламын», - деп жазады желі қолданушысы.

Тағы оқыңыздар: Қазақстандықтар Астана күнінде қанша күн демалады?

Желі қолданушыларының айтуынша, әр сериясында Өзбекстан мен Тәжікстаннан барған мигранттарға қатысты ар-намысына тиетіндей “чуркалар”, “чукчалар, “қысықкөзділер» деген кемсітпе сөздер қолданылады.

Бір сериясында ғана кісі өлімі бойынша күдікті ретінде ұсталған, бұрын наша сатқаны үшін жазасын өтеген адам басты кейіпкер Каленыйға: «Менің әйелім қазақ қызы, оны да чурка деп ойлайсың ба?», - деп ескерту жасаған.

«Чурка» сөзі - орыс тілінде Орта Азиялықтарға, кавказдықтарға, ал жалпылама мағынада ұлты орыс емес халыққа қатысты айтылатын кемсітушілік атау.

Дальдің түсіндірме сөздігінде оның «ақымақ, ебедейсіз, некесіз туған» деген мағыналары да келтірілген. Алайда, бұл сөздің ұлтты кемсіту мағынасындағы қолдану аясы өте кең.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1515377-aziattardy-churkalar-dep-kemsitken-re/

jitsu gif