Астанада ЭКСПО кезінде өтетін концерттер мен көрменің билет бағасы белгілі болды

Опубликовано:

Астанадағы халықаралық  ЭКСПО-2017 көрмесі аясында мәдени іс-шаралар мен әлемдік жұлдыздар концерті өтеді. "ҚазАҚпарат"  агенттігі билет бағаларына шолу жасап, оқырман назарына ұсынған.

Көрме аясында Астана тұрғындары мен қонақтарын 3 мыңнан астам мәдени шара күтіп тұр.

"Сарыарқа" велотрегінде өтетін танымал әншілердің концерттеріне билет құны ЭКСПО билеттеріне кірген.

- «Би-2» мен «Мумий Тролль» концерттеріне билет: 6 000 теңгеден 23 000 теңгеге дейін, 1 шілде;

- «Black Star Party» концерті (MOT, Kristina Si, L'One, Timati): 6 000-нан 23 000 теңгеге дейін, 8 шілде;

- Полина Гагарина мен Егор Кридтің концерті: 6 000 теңгеден 23 000 теңгеге дейін, 5 тамыз;

- «Limp Bizkit» тобының концерті: 6 000 теңгеден 28 000 теңгеге дейін, 12 тамыз; - Эрос Рамазоттидің концерті: 6 000 теңгеден 28 000 теңгеге дейін, 19 тамыз.

Айта кету керек, көрме аумағында өтетін концерт билеттерінің құнына кіру құны кірмейді. Сондықтан бірқатар шараларға көрмеге кіру билеттерін де  сатып алуға тура келеді (4 мыңнан 8 мыңға дейін). Олардың ішінде «Цирк дю солей» (6 маусым - 9 қыркүйек), оған билет бағасы 4 мыңнан 6 мың теңгеге дейін тұрады.

Сонымен қатар билет құны 1 мың теңге болатын 13 қойылым:

- «The Great Gatsby Ballet» xореографиялық шоуы: 15 маусым;

- ҚР классикалық музыка мемлекеттік ансамблінің концерті: 18-21 маусым;

- Миша Майский мен Лилия Майски музыканттарының концерті: 24 маусым;

- Kuss Quartet пен Миша Майскийдің концерті: 25 маусым;

- Lautten Compagney берлин оркестрі мен флейтист Maurice Steger концерттері: 30 маусым;

- «The Spirit of Tengri» қазіргі заманғы этномузыка фестивалі: 20 шілде мен 20 тамыз;

- италиялық пианист Andrea Lucchesini мен ҚР мемлекетік симфониялық оркестрінің концерті: 1 шілде;

- италиялық виолончелист Enrico Dindo мен ҚР мемлекетік симфониялық оркестрінің концерті: 2 шілде;

- француз пианисі David Fray мен ҚР мемлекеттік симфониялық оркестрінің концерті: 8 шілде;

- Құрманғазы атындағы оркестрдің концерті: 11-13 шілде;

- ресейлік саксофонист Игорь Бутман мен Мәскеу джаз оркестрінің концері: 15 шілде;

-  «The Magic of Nomads» тобының концерті: 26 шілде, 25 тамыз, 28 тамыз;

- Thomas Gould, Julien Quentin, Mary Bevan & Sandi Toka Nova концерттері: 2 қыркүйек.

ЭКСПО-2017 көрмесінің билетін сатып алмасаңыз, кейбір шараларға кіру мүмкін емес:

- "Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі" xалықаралық көрмесі: 950 теңге, 10 тамыз, ҚР Ұлттық музейі.

ЭКСПО-2017 билетіне кірген концерттер:

- «Ұлы Дала Симфониясы» шоуы: 10-14 маусым;  - қазақстандық эстрада жұлдыздарының «Sound of Gakku» концерті: 23 маусым, 13 тамыз;

- Астана күніне арналған концерт: 6 шілде; - нидерландық диджей Afrojack-тің концерті: 11 шілде;

- MTV музыкалық телеарнасының концерті: 15 шілде;

- швед диджейі Axwell: 17 шілде;

- Отырар сазы фольклорлық-этнографиялық оркестрінің концерті: 20-23 шілде;

- америкалық диджей Steve Aoki: 29 шілде; - қазақ-британ тобының концерті «No mad karma»: 9 тамыз;

- Құрманғазы атындағы оркестрдің концерті: 23-25 тамыз;

- Конституция күніне арналған концерт 30 тамыз. Сонымен қатар Астана әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі өткізетін шаралар бар:

- «Ромео мен Джульетта» мюзиклі: 500-ден 2 500 теңгеге дейін, 10 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайында;

- «Аида» операсы: 12 000-нан 25 000 теңгеге дейін, 15 маусым Бейбітшілік және келісім сарайының алдында; - «Дон Кихот» балеті: 12 000-нан 25 000 теңгеге дейін, 25 маусым Бейбітшілік және келісім сарайының алдында;

- Димаш Құдайбергеннің шоуы: 2000-нан 20 000 теңгеге дейін, 27 маусым «Астана Арена»;

- "Қыз Жібек" операсы: 12 000-нан 25 000 теңгеге дейін, 5 шілде Бейбітшілік және келісім сарайының алдында;

- Челентаноның италиялық трибьют-шоуы: 10 000-нан 50 000 теңгеге дейін, 29 шілде «Қазақстан» ОКЗ;

- Ерболат Төлепбайдың жеке сурет көрмесі: 500 теңге, 6 маусымнан 10 шілдеге дейін ҚР Ұлттық музейінде;

- Император Цинь Шихуандидің Терракот армиясы көрмесі: 950 теңге, 9 маусымнан  10 қыркүйекке дейін ҚР Ұлттық музейінде;

- «Ежелгі Мысыр ескерткіштері»: 950 теңге, 26 маусым - 3 тамыз, ҚР Ұлттық музейінде;

- Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты : 500-800 теңге, 24-27 маусым, «Дәулет» спорт кешенінде;

- шинкиокушинкайдан әлем бірінішілігі: 1 000-7 000 теңге, 1-2 шілде, «Дәулет» спорт кешенінде.

- Мемлекеттік Эрмитаж жинаған әскери өнер көрмесі: 950 теңге, 3 шілде мен 20 қыркүйек аралығы, ҚР Ұлттық музейінде;

- «Опералия» байқауы: 1000-6000 теңге, 24-29 шілде, «Астана Опера» театры; Open Air тегін концерті, "Қазақ Елі" монументі жанында 1 маусымда өтеді. Концертке ТМД-ның танымал музыканың 30 орындаушысы қатысады. «ВИА Гра», MBand, «Орда» топтары, сонымен қатар Қайрат Нұртас, Глюкоза, Макс Барских, МОТ, Жанар Дұғалова, Айқын, Али Оқапов және басқалары өздерінің ең танымал әндерін шырқайды.

21-28 тамыз күндері "Этноауыл" кешенінде Көкпардан әлем чемпионаты өтеді. Кіруі тегін.

Сонымен бірге тоғызқұмалақтан (3-8 қыркүйек «Ibis» қонақ үйі) және қазақ күресінен (7-8 қыркүйек, «Барыс Арена») біріншіліктер ұйымдастырылады.  astanaday.kz сайтында xабарланғанындай, "Қазақстан" концерт залында өтетін италиялық әнші Федерико Пачоттидің концертіне және «Барыс  арена» мұз айдынында өтетін «Щелкунчик» мұз шоуына билеттер сатылып кеткен.

Тағы оқыңыздар: Азиаттарды "чуркалар" деп кемсіткен ресейлік сериал желі қолданушыларының ашуына тиді.

«30 Seconds To Mars» рок-тобының концертіне, «Абай» операсына, Вена балына, «Жібек Жолы-2017» xалықаралық раллиіне, «Евразия» xалықаралық кинофестиваліне, «Ла Скала» театрының гастроліне және тағы бірқатар шараларға билет сатылымға әлі түспеген.

Мәдени шаралар тізімімен және билет бағаларымен tickets.expo2017astana.com, kassir.kz, www.koncertyastany.kz, expo2017culture.kz, аstanaday.kz сайтарынан танысуға болады.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1515472-ekspo-kezinde-otetin-koncertterdinh-b/

jitsu gif