ЭКСПО-ға келген африкалық қазақ қызына екінші әйел болуға ұсыныс жасаған
Жарияланған күні:
ЭКСПО көрмесін ұйымдастырушылары өткен аптада ең көп қонақ келген павильондары анықтаған. Олардың арасында африкалықтардың павильоны көш бастап тұр деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Африкалықтардың павильондың кіре берісінде дауылпаздың дыбысына қыз билеп тұрады. Әсерлі әуен мен африкалықтардың іс қимылы ЭКСПО-ға келушілердің өзіне тартып тұр.
Африкалық азаматтардың кейбірі екі ай бойы қонақтармен бірге күліп суретке түсуден шаршапты.
Тағы оқыңыздар: Туыстары өлді деп хабарлаған тағы бір қазақстандық тірі болып шықты
«Көрмеге келген әрбір бесінші адам африкалықтармен суретке түседі. Кейбірі рұқсат сұрамайды да», - дейді африкалықтардың тауарын сатуға көмектесіп жүрген қазақ қыз.
Сенгалдан келген келіншек болса Қазақстанға бауыр басып қалғанын айтып, кейін тағы бір рет келуге ниетті. Африкалықтарға тек Астананың суық ауа райы жақпай қалыпты.
Саудагерлер ЭКСПО-ға келушілердің сұранысымен тауарларына жеңілдікте жасайды.
«Бес мың, жақсы», – деп саудаласып, түйе терісінен тігілген белдігін мақтап жатқан Сьерра Леоне республикасының тұрғыны біраз қазақша үйреніп алған.
Сауда жасап тұрып «сәлем», «рақмет» деген секілді сөздерді қазақша айтса, жомарт қазақстандықтар көп тауар алатынын да біліп алыпты.
Бір қызығы осы павильондағы қазақстандық қызметкерлердің сөзінше ЭКСПО-да сауда жасап тұрған африкалықтардың басым көпшілігі Еуропада және басқа да мемлекеттерде тұрады екен.
«Мен африкалық деген бір әйелге көмектестім. Ол өзі Канадада тұрады екен. Айтуынша бұл оның сезігінші ЭКСПО-сы», - дейді шетелдіктерге сауда жасауға көмектесетін бойжеткен.
«Африкалық еркектер әйелдерге мақтау сөз айтқанды ұнатады. Қазақ қыздарын өте әдемі деп санайды. Африкалық павильондағы басшы сымақ біреуі жиырма жастағы бойжеткенге екінші әйел болуға ұсыныс жасады. Ал, қыз келіскен жоқ», - дейді қазақстандық сатушы.
Көрмеге келген африкалықтардың басым көпшілігі мұсылман және бірнеше әйелдері бар. Сондықтан олар үшін ұнаған бойжеткеніне тоқал болуға ұсыныс жасау қарапайым нәрсе болып саналады екен.
«Менен бір африкалық Қазақстанда қалай үйленуге болады? Менің әйелім болса деп сұрады. Мен білмеймін деп жауап бердім», – дейді көрші павильондағы қыз.
Тағы оқыңыздар: Кісі басына 91 мың теңге: Еліміздің бай-бағландары той жасау үшін қалай шығындалады?
«Маған африкалық азамат: қыздардың жұмыс істеп, ақша тапқаны керек емес. Қалталы жақсы жігіт жолықтырса, ақшаны сол табады дейді», – деді тағы бір бойжеткен.
Тағы бір Джуди есімді африкалыққа Астанадағы әдемі ғимараттар мен бірге мейірбан халқы да ұнапты.
Ал, тіл мәселесі оған қиындық тудырғанын жасырмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1573326-ekspo-gha-kelgen-afrikalyq-qazaq-qyzyn/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.