Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ журналисі Баянның Жазушылар одағы құрамына кіргенін қолдап шықты

Жарияланған күні:

Елімізге белгілі журналист, мәдениет қайраткері, президент сыйлығының иегері Серік Жанболат әріптесі Махамбет Ерғалидың Есентаеваны Жазушылар одағының хатшылығына сайлау туралы ұсынысына қолдау білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Айтуынша, Одақтың заманауи жарнамасы үшін бұл таптырмас мүмкіндік.

"Егер Жазушылар Одағына заманауи пиар керек болса, онда Баян Есентаеваны мүшелікке қабылдағаннан ұтылмайды. Өйткені, заманауи менеджменттің арбасы алға шықты қазір, PR заңдылықтары орып әкетіп барады. Капитализмнің бастауында отырғандағымыз бұл. Теледидардың төріндегі әншілер - соның қарлығаштары ғана. Алда жанталасып пиар қуалайтын күндер келе жатыр. Өйткені, жарнаманың сондай құдыреті бар. Жарнамасы бар адамның кітабын қуалап жүріп оқимыз әлі. Ал, өзін қоғамға қояр да қоймай өткізіп отырған адамның бірі - Баян Есентаева. Нарықтың, базардың көзімен қарасақ, ол – феномен", - дейді Серік.

Тағы оқыңыздар: Дастарханына қара уылдырық, асшаян қоятын байлардың тойы қаншаға түседі?

Журналист Баянның нарық заңдарын мықты меңгеріп, өзін қоғамға өтімді етіп отырғанын, сол себепті оның алда жүретінін жазады.

"Ал, капитализм Жазушылар одағын айналып өтеді деген заңдылық жоқ. Қазақ тілі де капитал тіліне айналмаған соң - бейшара күйде. Кім өзінің бойында барды капитал тіліне айналдыра алады, соның сөзі - сөз. Өзі - өтімді тауар. Әрине, менің осы пікірім үшін сіздер мені аямайтындарыңызды білемін. Бірақ, мен мұны Карл Маркс жазған капиталдың заңдылықтарына сүйеніп айтып отырмын. Мен осыны қалайын, қаламайын, нарықтың қарапайым заңдары менен де, сізден де ештеңені сұрамайды. Кешегі тарихың да керек емес оған. Әдебиет - тауар ол үшін. Бұл дөңгелек бізге дейін де осы механизммен айналған. Солай айналдырады бізді әлі. Қалай бұлқынсақ та біз нарық заңдармен өмір сүруге мәжбүр боламыз. Ал, нарық заңдарын кім жақсы меңгерді, сол алдымызда жүретін болады. Ал, бұл - факт!", - деп жазады Серік Жанболат.

Еске салсақ, кеше ғана тағы бір журналист Махамбет Ерғали Баян Есентаеваны Жазушылар Одағына хатшы етіп алуды ұсынған болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1573371-tanymal-zhurnalist-bayannynh-zhazushylar/