Алматыда қалталы шетелдіктерге қызмет көрсететін жезөкшелер ұсталды (фото)

Опубликовано:

Алматы полицейлері элиталы жезөкшелер үйін ұстап отырғандарды қолға түсіру бойынша арнайы операция жүргізді. Шара барысында ауқатты шетел азаматтарына қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталды деп хабарлайды Patrul.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

«Алматы қалалық ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері «GC» деп аталатын караоке-клубтың қожайындарын ұстау шарасын жүзеге асырды. Бұл клубтың қызметі тек қана шетел азаматтары үшін жабық режимде жүзеге асырылып отырған. Мұнда клиенттерге интимді қызметтер көрсетіліпті.

Рейд кезінде интимді қызмет көрсететін 42 бойжеткен ұсталған. Сонымен бірге клубқа келушілер де құрықталды. Олар көбінесе шетел азаматтары, сонымен бірге бұл қылмысты жасады деп күдікке ілінген жалға алушылар", - дейді Алматы қаласы ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының басшысы Айдын Кокамбеков.

Тағы оқыңыздар: Полицейлерден қорлық көрген жас ана 1,5 миллион теңге өтемақы алатын болды

Қыздардың қызметін қолданатындардың көбісі қытайлықтар, жапондықтар және кәрістер болып шықты.

Бұл көңіл көтеру орталығын әйелі мен күйеуі ұстап отыр. Цой әулетінің отағасы қожайын болса, оның жұбайы бұл жерді басқарып отыр.

Мекеме тек қана ауқаттыларға арналған. Себебі мұндағы элиталы алкоголь өнімдерінің ең арзаны 70 мың теңге тұрады.

Сондықтан клуб қонақтары тек қана шетелдіктер.

Тағы оқыңыздар: Желдеткішке шашы оралып қалған атақты әнші сахнада ән айтуын тоқтатпады (видео)

Ұйымдастырушылар "Жеңгетайлық" бабы бойынша 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр. Қылмыстық іс қозғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1574789-almatyda-bay-sheteldikterge-qyzmet-ko/