Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаеваға немересінің тұсауын кестірген кейуана енді аузына Төреғали түкірсе деп отыр (видео)

Опубликовано:

Бүгін Павлодар өңірінде өтіп жатқан «Ұлы дала елі» фестиваліне келген елімізге белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев пен Айнұр Тұрсынбаева кішкентай балғынның тұсауын кесіп, бата берді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Кішкентай Абай есімді сәби тамыз айының 14-і күні бір жасқа толады. Нағашы атасы Сапарғали мен әжесі Қорлан Кукумбаевтар бүгінгі шараға Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық ауылдық округінен арнайы шашу ала келген.

Тағы оқыңыздар: Танымал саясаттанушы: Ішкі істер министрі өз еркімен отставкаға кету керек

"Балғынбек Имашев жиенімізге батасын берсе, Айнұр Тұрсынбаева тұсауын кесті. Көпшілік алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы мен жыр жарысында топ жарып жүрген осындай ақындардың ізімен жүретін үлкен азамат болсын деген ниетпен келіп отырған жайымыз бар. Ертең Төреғали Төреәліге аузына түкірткіміз келеді. Бұл қазақтың ежелден келе жатқан ырымы", - дейді Қорлан Кукумбаева.

Жіберіп алма: Күннің басты жаңалықтары енді сенің қолыңда - біздің Instagram парақшамызға жазыл! >>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1585820-tanymal-aqyngha-nemeresininh-tusauyn-k/

pixel