Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар: 30-дан кейін тұрмысқа шыққан еш ұят емес

Опубликовано:

Астана тұрғындары қай жаста тұрмысқа шыққан абзал деген сұраққа өз көзқарасын NUR.KZ порталына айтып берді.

Тележүргізуші Майя Бекбаева тұрмысқа шығу ұғымына ұят ұғымы мүлде жат екенін, қоғам қысымына мән бермеу керектігін алға тартуда.

"Кей қыздар 19 жасында-ақ дайын болады. Олардың өмірлік мақсаты - тұрмысқа шығып, күйеуіне қамқор болып, ана атану. Ал кей қыздар 25 жасында да дайын емес. Олар жетістіктерге қол жеткізгісі келеді. Олар үшін 30-дан кейін тұрмысқа шыққан ыңғайлы.

Мен 30-ға тақағанда тұрмысқа шықтым. Қоғамнан көрсетілетін қысым санамызға сіңіп қалған - мен бұған жеңіл қарадым, сол себепті маған ешкім қысым көрсете алмады. Айта кетерлігі, күйеуді емес, балаларыңа жақсы әке болатын азаматты іздеу керек - сонда ешуақытта қателеспейсіз", - дейді ол.

Өзге астаналық 30 жаста отбасын құрмаған қыз құр алақан қалады деген пікірде.

Тағы оқыңыздар: Танымал ресейлік жүргізуші Астана велокомандасының формасын киді (фото)

"Мен 23 жасымнан тұрмысқа шыққанмын. Құрбыларыма қарасам, ертерек тұрмысқа шыққандар отбасын сақтап қалады. Ал 30-ға келгендерге қатысты мынадай мақал бар - "30 жасыңда үйлі болмасаң, ешуақытта отбасын құрмайсың". Ондай неке әдетте ұзаққа бармайды. Сол үшін Еуропаға жалтақтамай, 25-ке дейін бір тоқтамға келу керек", - дейді кабаре-шоу басшысы Татьяна.

"27 жасқа дейін ұят та, кеш те емес. Кешірек тұрмысқа шыққан дұрыс деп ойлаймын. Ақыл тоқтатып тұрмыс құрғанда ойланып қадам басасың. Бастысы көп күтіп қалмау - кейін бойжеткен өз күшіне сеніп, өзгемен бірге отбасы болуға үйренісе алмайды", - дейді 24 жастағы Мадина.

Ол 30-35 жаста тұрмысқа шығып жатқан таныстары көптігін алға тартты.

"Қазір 30, тіпті 35 жасында еш қиындықсық тұрмысқа шығу тенденциясы байқалады. Менің танысым өмірлік серігін соңына дейін күтіп, 35 жасында тұрмыс құрды. Ол өзінің отырып қалғанына еш алаңдамайтын. Ал қатты алаңдайтындар әлі күнге дейін жалғыз жүр. 40 жаста болса да жалғыз жүрген құрбыларым көп. Оларда бәрі бар, тек отбасы жоқ", - дейді Дана есімді әйел.

"Мен 25-ке дейін тұрмысқа шыққан абзал деген пікірдемін. Оған дейін қыдырып, көңіл көтеріп, ал 25 жасыңда отбасылы болып отыру керек. Менің жоспарым сондай. Алайда біздің заманда қыздар тұрмысқа шығуға асықпайды. Тіпті 30 жасқа дейін", - дейді модель Татьяна.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1593307-astanalyqtar-30-dan-keyin-turmysqa-shyqq/