Кейбір аймақтарда ауа температурасы 36 градусқа дейін көтеріліп, күн ысиды

Опубликовано:

Еліміздің басым бөлігінде күн ыстық болады деп хабарлайды Қазгидромет.

Ауқымды антициклон республиканың басым бөлігіне әлі де ықпал етеді, осының әсерінен жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады. 

Тек аумақтың батысында атмосфералық фронттың өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел соғып, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

Тағы оқыңыздар: Қазақ зиялысының портретін қоқыс таситын арбаға ілген аула сыпырушы жұрттың ашуына тиді (видео)

Солтүстік пен оңтүстік және орталықта күндіз термометр бағаналары 28-36 градусқа, ал шығыс және оңтүстік-шығыста 22-30 градусқа дейін көтеріледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1596893-elimizdinh-key-onhirlerinde-kun-ysyp-au/