Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәннаттағы қор қыздары: көп әйел алуды насихаттаған жігіт елді дүрліктірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде бүгінде дін мәселесі өршіп тұрғаны белгілі. Дегенмен, осыған қатысты қоғам арасында дау тудырып, түсініспеушіліктердің орын алуына себеп болатын жайттар да азаяр емес. Мәселен Instagram желісіндегі daguat_kz парақшасында пайда болған мына видео елді дүрліктірді.

Видеода аты-жөні белгісіз жас жігіт әлдекіммен әңгіме дүкен құрып отырып, жәннаттағы қор қыздары туралы сөз еткен.

"Кімде кім бір әйелімен жәннатқа кірсе, ол әйеліне қоса оған жетпіс қор қызы беріледі дейді. Яғни сіздің өзіңіздің жетпіс бір әйеліңіз болады. Әр қор қызының жетпістен қызметшісі болады.

Тағы оқыңыздар: Дұға еткенде көз жасын тыя алмаған астаналық имам барша жұртты егілтіп жіберді

Яғни бір әйеліңізбен жаннатқа кірсеңіз, төрт мың тоғыз жүз әйеліңіз болады жәннатта. Сол кезде екі-үш әйел алмағандар бармақтарын шайнайды екен: "Әй, әттеген-ай, менде төрт мың тоғыз жүз әйел болса, пәленше көкемде он мыңнан астам әйелі бар», - деп бармақтарын шайнайды екен. Менің сөзім емес бұл, хадистің сөзі», - деді ол.

Ал желі қолданушылары мен бірқатар отандық БАҚ жігіттің сөзіне назар аударып, оның имани әңгіме емес, керісінше нәпсіқұмарлықты насихаттап жатыр деген пікірлер айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1603759-zhannattaghy-qor-qyzdary-kop-ayel-aludy/

pixel