Ақмола облысында сегіз жасар ұл бала аулада ойнап жүрген жерінен жоғалып кетті

Опубликовано:

Степногорскта белгісіз жағдайда сегіз жасар ұл бала жоғалды деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан тілшілеріне.

Оқиғаға қатысты белгілі жайттар: 2009 жылы туған Александр Вагнер 5 қыркүйек күні жоғалып кеткен. Бала сағат 15.00 шамасында 2 шағын аудандағы №29 үйдің ауласында ойнап жүріп, белгісіз бағытқа кетіп қалған. 

Ұл баланың үстінде сарғыш түсті майка, шолақ шалбар және қара түсті туфли болған.

Тағы оқыңыздар: Бір өліп, қайта тірілген бүлдіршіннің анасы шарасыздықтан елден көмек сұрады

Полиция жоғалған бала туралы хабарламалар таратты. Құқық қорғаушылар тұрғындар тарапынан баланы көрген — білгендері болса, бірден 102 телефонына хабарласуды сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1609463-aqmola-oblysynda-segiz-zhasar-ul-bala/