Астаналықтар Қанат Ислам мен Брэндон Куктың салмақ өлшеу рəсіміне лек-легімен ағылды

Опубликовано:

Ертең Елордада қазақ спортсүйер қауымы асыға күткен айтулы дода - Қанат Ислам мен Брэндон Куктың жекпе-жегі өтпек. Онда аталған спортшылардан бөлек қазақ, бразилиялық және аргентиналық боксшылар қолғап түйістірмек. Осыған орай, бас шаһардағы сауда орталықтарының бірінде бүгін жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рəсімі өтті деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

ЭКСПО көрмесі аясында өткізілген айтулы шараға спортсүйер қауымнан бөлек қарапайым қала тұрғындары да көптеп келді.

Олар жерлестерімізге қолдау көрсетіп қана қоймай, боксшыларымыздан алдағы додада жеңіс күтетінін айтты.

"Бүгін осындай рəсімге отбасыммен бірге келіп отырмын. Боксшыларымызды жақыннан көру мүмкіндігіне ие болғанымызға өте қуаныштымын. Алла сəтін салып, ертеңгі күні боксшыларымыз тек жеңістермен қуантады деген ойдамыз. Бастысы сəттілік, спортшыларымызға Алла сəтін берсін", - деп ақ тілегін жолдады Елорда тұрғыны.

Атаулы шараны тамашалаушылардың арасында Қазақстан Кəсіпқой бокс Федерациясының президенті Ерлан Бекхожин да болды.

Естеріңізге сала кетейік, ертең Астанада қазақстандық жəне Оңтүстік Америкалық боксшылар арасында кəсіпқой бокстан жекпе-жектер өтпек. Оған белгілі бокшы Қанат Исламнан бөлек Жəнібек Əлімханұлы, Жанқош Тұраров, Димаш Ниязов сынды кəсіпқой бокс шеберлері қатыспақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1611623-astanalyqtar-qanat-islam-men-brendon/