Латын әліпбиіне көшкен кезде құжат ауыстырамыз ба?

Опубликовано:

Қазақстандықтар латын әліпбиіне көшкен кезде құжаттарын ауыстыра ма? Бұл сұраққа Мәжілісте «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы» деген тақырыпта өткен парламенттік тыңдау кезінде премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев жауап берді деп хабарлайды Baq.kz.

«Құжаттар бірте-бірте ауыстырылады. Қазір қолда бар құжаттар мерзімі аяқталғанша жарамды болады», - деп атап өтті Досаев.

Оның айтуынша, барлық процесс латын әліпбиіне көшу жоспары бекітілгеннен кейін басталып, халықаралық талаптарға сәйкес өтеді.

«Біздің жоспарымызда бірқатар өзгеріс қарастырылған», - деп толықтырды премьер-министрдің орынбасары.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин латын әліпбиіне көшу қазіргі заманның талабы екенін атап өткен еді.

Тағы оқыңыздар: Бұрынғы сүйіктіңізді ұмыта алмай жүрсеңіз не істеу керек?

«Еліміздің әрбір азаматы латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістігінің басты жолы екенін білуі тиіс. Өйткені латын жазуы – адамзат дамуындағы күшті тілдердің бірі. Бұл ғылым мен техниканың, Интернет пен IT – XXI ғасырдағы технологиялардың тілі, сондықтан біз бұл жауапты кезеңге үлкен дайындықпен келдік, ауқымды жұмыс атқарылды», - деп атап өтті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1613728-latyn-alipbiine-koshken-kezde-quzhat-au/