Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы аруы: Ішімдік ішіп, кальян шеккен қонақтар қаладағы ең сұлу қызды таңдады (фото)

Опубликовано:

Кеше Алматыда жыл сайын өткізілетін "Алматы аруы-2017" сұлулық байқауының ақтық сайысы болып өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Кеше Алматының төрінде қаладағы ең сұлу аруды таңдады. Сәбина Әзімбаева "Алматы аруы-2017" атағына лайық деп танылды.

Ол енді "Әлем аруы - 2018" байқауына қатысатын болады. Бірінші вице-мисс атағын Алина Мелкина жеңіп алса, екінші орын Дарья Галочкина есімді сұлуға бұйырды.

Аты аталған қыздар 4 жыл қатарынан Грекияға барып демалу үшін жолдамаларға ие болды.

Оңтүстік астананың ең сұлу арулары атағын алу үшін 10 қатысушы таласқа түсті.

Байқаудың ақтық сайысы Amure концерттік-көңіл көтеру кешенінде болып өтті.

Көптен күткен ''Алматы аруы - 2017'' байқауында ақтық финалға қатысқан 10 қыздың 9-ы өзін орыс тілінде таныстырды.

Айта кетейік бұл жылы қыздардың білімін тексеретін ''сұрақ-жауап'' сайысы мүлдем болған жоқ.

Сонымен қатар байқаудың ұйымдастырушылары сайысқа арнайы сахна емес, "тойхананы" лайық көріпті.

Ерекше айта кететін бір жайт, келген қонақтар да өздерін байқауда емес, тойда отырғандай сезініп ішімдік ішіп, кеш бойы кальян шегіп отырумен болды. Ал сайыстың соңына қарай, залдың іші кальянның көк түтінімен демалды.

Сонымен бірге, байқау қатысқан қыздар сайыс басталар алдында "батылдық" үшін деп коньяктан да ұрттап алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1614504-almaty-aruy-ishimdik-iship-kalyan-shekke/