Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында жаңа түскен келін қалың малын төлетіп алып қашып кеткен

Опубликовано:

Алматы облысында өзін алып қашқан жігіттің үй-ішін тақырға отырғызып, барынан айырған "алаяқ келін" елдің ашуына тиді. Бастапқыда жас жігітке жар болуға келісімін берген қыз қалың мал, киіт сынды жоралғыларды орындап, оқуының ақшасын төлетіп алған соң үйіне кетіп қалған.

Алматы облысындағы елді-мекеннің бірінде болған жайт ауыл тұрғындарының жағасын ұстатқан. Қайын інісінің алып қашқан қызы алаяқ болып шыққанын айтқан жеңгесі жағдайдың қалай болғанын айтып берді.

"Дулат өте жуас, бала сияқты. Қазір ол 27-де. Әлі үйленген жоқ. Менің ойымша бірнеше жыл бұрын алаяқ қызға тап болған соң, оның қыздардан көңілі қалған. Ешкімге артық ауыз сөз айтпайды. Ол бір қызды сыртынан ұнатып жүрді. Ол қыздың да бұдан кетәрі емес екенін көрген. Сөйтіп, достарымен ақылдасып, ол қызды алып қашқан. Барлық туыс-достарымыз жиналып, келінді үйге кіргіздік. Сүп-сүйкімді қыз өзі де жылап-сықтаған жоқ. Тіпті күлімсіреп, келісіп отырды. Егер келіспесе жылайтын еді. Қатты көндірудің де қажеті болған жоқ.

Артынша туыстарынан кешірім сұрауға бардық. Олар да көп созбай келісімін берді. Қыздың әкесі жоқ, анасы ғана бар еді. Сөйтіп, барлық жөн-жоралғыны орындадық. Киіт беру, қалың мал, тіпті оның оқуының ақысын да төледік. Енді аз уақыттан соң той жасамақ болып, дайындалып жүрген едік", - дейді жігіттің жеңгесі.

Тағы оқыңыздар: Нұрлан Нығматулин: Орыс тілін сақтауымыз керек

"Бір күні Дулаттың әке-шешесі таңертең тұрса, келіні үйде жоқ. Дулаттан не болғанын сұрап жанұшырған ата-ана оның алаяқ екенін сонда ғана біліпті. Тіпті біздің жуас Дулат онымен төсектес де болмаған екен. Ана қу қыз оны маңына жолатпапты. Соның барлығына шыдап, алып қашқаны үшін өзін кінәлі санап жүрген екен Дулат.

Келін оны алдап жүргенін, оқуын төлетіп алғысы келгенін, сол үшін барлығына шыдап жүргенін, әйтпесе Дулатты жек көретінін бетіне айтыпты да, кетіп қалыпты. Ал біздің Дулат ешнәрсе деместен, депрессияға түсіп кетті. Содан бері үш жыл өтті. Әлі үйленген жоқ", - дейді ол.

Жеңгесінің айтуынша, қыздың анасы да оларға күмәнді көрінген. 

"Киіт кигізіп, қалың мал беру үшін қыздың үйіне барғанымызда үстелдің үстінде корейдің сәбіз бен капустадан жасалған салаты, бір-екі жерден тәттілер тұрғанын ғана көрдік. Шошыдық шынымды айтсам. Аста-төк дастарханға үйренген қазақпыз ғой. Мынауы қызық екен деп, қатты таңғалдық та қойдық.

Сөйтсек, мұның барлығы қалың мал алып, ақшалы болып қалудың ғана амалы екен ғой. Мұндай сұмдықты бұрын-соңды көрмеппіз", - деп таңданды Дулаттың жеңгесі.

Тағы оқыңыздар: Атырауда мектепке сыймаған оқушылар дәлізде оқуға мәжбүр

"Ол қыздың үйіне бардық. Бірақ анасы ондай қалың малды қайтармайтынын кесіп айтты. Содан өзімен кетсін дедік те, сол алты жүз мыңға байыса байып кетсін деп қолды бір сілтедік. Әйтпесе оның оқуына да қалың малдан бөлек төрт жүз мыңдай төледік. Киітке де оңай ақша кеткен жоқ. Қаншама алтын, жағалы киіммен алдық. Абай болу керек екен", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1614620-alayaq-kelin-almaty-oblysynda-zhanha-tus/

pixel