Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлік нөмірлері қанша тұрады?

Опубликовано:

Осыдан тура 108 жыл бұрын Нью-Йорк қаласында алғашқы автокөлік пен оған берілген нөмір тіркелген. Ұзындығы небәрі 8 см-лік нөмірді оның иесі бар болғаны 1 долларға сатып алған...

Ал бүгінгі көлік нөмірлері қанша тұрады? Құны аспандап тұрса да, қалтасындағы соңғы тиынын салып, сәнге айналған автокөлік нөмірін сатып алатындар жетіп артылады. Тіптен, қол астындағыларға осындай номерді алып беріңдер деп орынсыз қолқа салатын шенеуніктердің де бар екендігін білеміз. Ал, кейбір мемлекеттерде "ерекше" нөмірлерді ашық аукционға салып, мыңдаған долларға саудалайды.

Мәселен, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Абу-Даби қаласының бір тұрғыны тек 5-тен ғана тұратын нөмір үшін 7 миллион доллар төлеп әлемдік рекорд орнатқан. Дәл осы қаланың екінші тұрғыны "Е15" инициалды нөмірі үшін 850 мың доллар берген. Ал, біздің Алматыда, қомақты қаржыны талап ететін "қуатты" нөмірлердің сыры мен қажеттілігі неде?

Мәселен, көршіміз Ресей Федерациясында бір әріптен немесе 0-ден 10-ға дейінгі сандармен жазылатын нөмірлер тек биліктің құлағынан ұстағандарға ғана тиесілі.

Ал Қазақстанда тұлпарына 555,007, 100 немесе 777,999 сандарынан құралған нөмірді сүйікті машинама тағамын дейтін жекелеген азаматтар 3000 мен 10 000 доллар аралығында ақша төлеуі қажет.

Ырымға сенгендер 7-ні қойып, енді өзінің туған жылына, жасына, ұнайтын санына сәйкестендіріп алып жатқан нөмірлерінің сәттілік әкелетініне сенеді.

Тіпті мемлекеттік біртұтас нөмірлерді меңсінбей, алтынмен аптап, күміспен қаптап есімдерін жазып алып жатқандар да жетерлік. Негізі мұндай құбылыс батыстан ауып келген. 90-жылдардың басында АҚШ-тың Калифорния штатында бір топ жүргізушілер өздерінің ескі –құсқы көліктерін жаңалау мақсатында, түрлі түсті тастармен көмкерген.

Меруерт Түсіпбаева, әнші: -Осындай әдемі әрі ерекше нөмірлерді аламын өзіме қызық, өзім қарапайым 580,331 деген нөмірлерге немқұрайлы қараймын.

Астыңа мінген тұлпарың - сыртқы келбетіңдей әдемі әрі ерекше болғаны жөн деп есептейтін Меруерттің бұл достарынан тартуға алған 5- сыйлығы. Меруерт Түсіпбаева, әнші: -Ең бірінші 007,077,010,200 болған. Осы жақын арада бір адам маған машинаңды дәл осы нөмірмен сатсаң үстіне 10 000 доллар қосып беремін деген.

Әнші Рамазан Стамғазиев - бұндай нөмірді уысыма түсірсем деп ойламапты да. Сондықтан, бұл кездейсоқтық па, әлде сый ма әлі күнге нақты білмеймін деп ағынан жарылды...

Рамазан Стамғазиев, әнші: -89 жылы  нөмірді алдым. Құжат тапсырып,  нөмір келді маған енді білмеймін, бір достарым мүмкін маи қызметкерлері сенің белгілі адам екендігіңді біліп берген шығар деді міне содан бері 10 -15 жылдың көлемінде тағып жүрмін. Бұдан былай 0- ден 9-ға дейінгі нөмірлер тек мемлекеттік қызмет көліктеріне ғана берілетін болады. Ал, осындай нөмірлер үшін кезінде қомақты қаржы шығындағандарға енді бұл ұнай қояр ма екен?

Ырымға сенгендер 7-ні қойып, енді өзінің туған жылына, жасына, ұнайтын санына сәйкестендіріп алып жатқан нөмірлерінің сәттілік әкелетініне сенеді. Мәселен, мынадай сандардан құралғандарыда арзан бағаланбайды. Экранға номер және бағасын көрсету керек.

565,636,737, --- 200-300 АҚШ доллары аралығында

111,222,555 --- 1500-3000 АҚШ доллары аралығында

777, 007, 077 --- 5000-6000 АҚШ доллар аралығында (кейде одан да жоғары)

Қалтасы қағылған жерлестеріміз бұл нөмірлерге қыруар қаржысын жұмсаса, былтырғы жылы Астанада ұйымдастырылған "Қарапайым көліктерге керемет нөмір" акциясы барысында "Жигули" автокөлігіне "001", ал күл-қоқыс жинайтын машинаға "777" нөмірі бұйырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/162044-kolik-nomirleri-kansha-tyrady/

pixel