Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоғыз адамды атып өлтірген Руслан Күлікбаев түрмеде намазын тастап кеткен

Опубликовано:

Сарапшылар алматылық террорист Руслан Күлікбаевтың діни себептермен теракт жасағанына күмән келтірді, деп хабарлайды "Ақниет" ақпараттық-насихаттаушы және реабилитация орталығы" қоғамдық қорының директоры Әлім Шәуметов.

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

"Руслан Күлікбаевқа сәуір айында ғана барып қайттық.  Оны соншалықты дінге берілген деп айта алмаймын, тіпті, намаз оқымайды. Дінге қатты сенетін адам деуге келмейді. Оны қылмысқа итермелеген себептер мүлдем бөлек. Иә, бір жерде идеологияны қабылдап, ықпалына түсті. Бірақ оның ұстанымын өзгерту әзірге мүмкін емес. Бес-алты жыл өткен соң, бәлкім, режим әсер ететін шығар, бірақ дәл қазір емес", — деді Астанада БАҚ сұрақтарына жауап берген Шәуметов.

Тағы оқыңыздар: Шымкентте медбике шетінеген шақалақтың мүрдесін қалай ауыстырып қойғанын түсіндірді

Бір жыл бұрын 2016 жылы 18 шілдеде еліміздің халық ең тығыз қоныстанған қаласы — Алматыда болған террорлық акт барша жұртты есеңгіретті. Лаңкес Руслан Күлікбаев тоғыз адамды атып өлтірген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1624811-toghyz-adamdy-atyp-oltirgen-ruslan-kul/

pixel