Алматы халқы бұрынғы премьер-министр Ұзақбай Қарамановпен қоштасып жатыр (фото)
Опубликовано:
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Ұзақбай Қарамановпен қоштасу рәсімі Алматының Әуезов театрында өтіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ.
Ұзақбай Қараманұлы Қараманов - Қазақ КСР министрлер кеңесінің соңғы төрағасы және Қазақ КСР-дің тұңғыш премьер-министрі. 23 қыркүйек күні Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұзақбай Қарамановтың жақындарына көңіл айтып, хат жолдаған болатын.
Тұңғыш премьер-министрмен қоштасуға үкімет мүшелері, жүздеген әріптестері, жақындары мен достары келді. Қоштасу рәсімінде симфоникалық оркестр ойнап, Қарамановтың денесінің маңына ұлттық гвардия жауынгерлерінен құралған құрметті қарауыл қойылды.
Ұзақбай Қараманұлы ұзақ әрі баянды ғұмыр кешті. Ол үздік құрылысшы еді. Оның басшылығымен Қазақстандағы ірі нысандар бой көтерді.
Тағы оқыңыздар: "Төсім кішкентай деп" уайым жеп жүретін қыздарға бес кеңес
Тіпті Мұхтар Әуезов атындағы драмтеатрдың құрылысын да Қараманов басқарған.
Ұзақбай Қараманұлы Қазақстандағы барлық қалаларда құрылысы жүріп жатқан мыңдаған нысан үшін Дінмұхамед Қонаевқа есеп беріп отыратын.
Ол тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш премьер-министрі болып қана қоймай, өз ісіне адал адам ретінде ел есінде қалды. Бүгінде онымен қоштасуға келген жастардың қарасы көп.
"Мен Ұзақбай Карамановпен парламентте бірге жұмыс істеу және онымен достық қарым-қатынас орнату құрметіне ие болдым", - дейді Ғани Қасымов.
Қонақасы 26 қыркүйек күні 18.00-де Самал-1 ықшамауданындағы "Евразия" мейрамханасында өтеді.
Тағы оқыңыздар: Сүйіктісін қорғамақ болған қызды ұрған шымкенттік полицей жұрттың ашуына тиді (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1629893-almatyda-burynghy-premer-ministr-uza/