Айына 200 мың теңге cұрайтын астаналық бала күтушілер жас ананың жағасын ұстатты
Опубликовано:
Астаналық аналар бала күтуші қызметкерге (няня) төленетін қаржының тым шарықтап кеткенін айтып, дабыл қағуда. Бас шаһар тұрғындарының айтуынша, бүгінде білікті әрі тәжірибесі мол бала күтіміне жауапты қызметкерлер саны өте аз көрінеді. Десе де, елордалық «нянялар» аталған олқылыққа қарамастан, тәулік бойы балаға бас-көз болғандары үшін миллиондаған қаржы талап етеді екен. NUR.KZ тілшісі бала күтімі қызметін ұсынатын бірнеше агенттіктерге хабарласып, мәселенің мән-жайын білді.
Арайлым Оразбаева (авт.аты-жөні өзгертілді) осыдан екі жыл бұрын тұңғышын дүниеге әкелген жас ана. Қалада пәтер жалдап тұратындықтан, жұмысқа шығуды жөн көрген ол өткен айдан бастап сәбиіне бала күтуші қызметкер іздеген. Алайда, жас ана күні бүгінге дейін тәжірибелі «няня» таппадым дейді.
Тағы оқыңыздар: Қазақстандық стюардесса жұмыс барысындағы ұятсыз дүниелерді жайып салды
«Жұмысқа еріккеннен шыққалы отырған жоқпын. Жолдасым мемлекеттік қызметкер, пәтер жалдап тұрамыз. Бір жалақы қалай тартсақ та жетпейді. Сондықтан ертерек жұмысқа шықпақ едім. Бірақ бір айдан асты, білікті няня таппай отырмын. Айтпағым нянялар көп қой, алайда сұрайтын ақылары тым қымбат. Жақсы нянялар айына 100 мың теңге, кейде тіпті одан көп соманы сұрайды.
Біздің үйге ай сайын кіретін табыстың өзі 130 мың теңге. Оның 100 мыңын няняға төлесем, ары қарай қалай күн көрмекпін? Ал, балабақшаға берейін десем, кезегіміз әлі келмеді. Келмейтін де сияқты. Туғаннан бері әлі сол бір орында тұрмыз», - деп күйінді келіншек.
Мәселенің мән-жайын білу мақсатында, қаладағы бірнеше агенттіктерге хабарласқанымызда, олардың дені тәжірибелі «няняның» еңбекақысы 200 мың теңгеден кем тұрмайтынын айтты.
«Біз айына 80-100 мың теңге жалақыға келісетін, бала күтуші қызметкерді тауып бере аламыз. Бірақ, олардың көбі жас қыздар, яғни, ондай «нянялардың» тәжірибесі де аз болады. Негізі, «сапалы» нянялардың бағасы да қымбат. Мәселен, қазір қолыңызда 200 мың теңгеңіз болса, қызметкерді қазір-ақ тауып беруге әзірміз.
Ал, 100 мың ғана болса, онда күте тұруға тура келеді. Себебі, ақшасы аз жұмысқа ешкім келгісі келмейді. Сондай-ақ, агенттік қызметі үшін, няняның еңбекақысынан бөлек, тағы 30% төлейсіз. Сонда жалпы сомасы 200, оған 60 мыңды қоссаңыз 260 мың болмақ. Ал, жылына няняға 2 млн 400 мың теңгедей қаражат төлейсіз», - деп жауап берді агенттік қызметкері.
«Сайтта қызметкерлер туралы барлық ақпарат ұсынылған. Тек сайтқа алдын ала тіркеліп, өзіңіз қалаған кандидатқа хабарлассаңыз болғаны. Әрине, білікті күтішулер 200 мыңға тарта жалақы сұрайды. Бұл жерде әркім өз шама-шарқына қарауы тиіс деген ойдамын», - деп қосып қойды агенттік өкілі.
Тағы оқыңыздар: Қаза тапқан дәрігерлердің көмегіне зәру болған келіншек өлім аузында жатыр
Ал, тағы бір агенттік «няняға үміткер қызметкерлердің барлық тізімі сайтта тұрғандығын, қалағанына хабарласып, келісуге болатынын» жеткізді. Десе де, бұл агенттікке де «няня» тауып бергені үшін 5 мың теңгедей қаражат төлейді екенсіз. Аталған сайт ұсынған үміткерлер тізіміне көз жүгірткенімізде, расымен де, нянялардың 100 мыңнан артық қаражат талап ететінін байқадық.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1638128-ayyna-200-mynh-tenhge-curaytyn-astanalyq-ba/