Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда сегізінші қабаттан құлаған қыздың неден қайтыс болғаны белгілі болды

Опубликовано:

Алматыда сегізінші қабаттан құлап қаза болған Тілеугүл Қуаныштың анасы сараптама қорытындысы шықса да, тергеушілердің салғырттығынан қылмыстық істің сағызша созылып жатқанын айтты деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі. Ашынған тұрғынның сөзінше тергеушілер экспертизаны дұрыс тағайындамаған.

«Соңғы екі айда ғана қызымның өліміне қатысты істі тергеген тергеушілер төрт рет ауысты. Енді бесіншісін іздеп жатырмыз. Қылмыстық істі бірінші Алатау ауданының полицейлері қозғап, кейін қалалық ішкі істер департаменті қарады. Тәртіп сақшылары істеріне салғырттық танытып сараптаманы толық жасамаған. Қыздың қиналып өлгенін анықтау үшін тырнақ астына сараптама жасау керек екен, бұл ең маңыздысы. Ал оны полицейлер тіпті алмағанда. Бүгін Алматы қаласының прокуратурасына арыз қалдырып, жағдайды айтқанымда шенділердің өзі таң қалып отыр. Тілеугүлдің өлімінде жұмбақ өте көп, жауап жоқ», - деп ашынды қамкөңіл ана.

Марқұмға сараптама жасаған дәрігер неге жұмысынан кетті?

«Тілеугүлдің сараптамасында зорлау әрекеті болған бірақ, қыздық пердесі бүлінбеген, қанында арақ, есірткі табылмады, барлық сүйегі сау деп жазылған. Сонда қызым не үшін сегізінші қабаттан секіріп, кінәлі деп Азиздың атын жазып кетеді. "Жыныс мүшесінің бер жағы ғана зорланды деген" қорытынды бола ма екен? Тергеушілер "қыздық перде бұзылса ғана қылмыстық іс қозғаймыз" деді. Қызымды зорламақ болған соң терезеден секіріп кеткен. Мүрдесінің суретінде мойны мен екі білегінің қатты көгергені бар. Ол туралы ештеме жоқ. Шындықты білу үшін мәйітханаға барып сараптама жасаған дәрігермен көзбе-көз сөйлеспек болдым. Бір қызығы, сарапшы Тілеугүлді зерттеген күннің ертесінде өз еркімен жұмыстан шығып кеткен, ешкім білмейді қайда екенін. Тергеушілер «қыз өзі секіріп қайтыс болды» деп істі жаппақшы болған соң, қалалық прокуратураға арыз түсірдім. Сегізінші қабаттан құлағанда ұялы телефонының да сынбағанына прокурорлар таң қалып отыр. Ал қызымның өліміне себепкер және құлағанша қасында болған Азиз қазір күдікті емес «көмек алуға құқығы бар куәгер» болып кетіпті», - дейді Жанаргүл Бұзауқызы.

Азиздың полицей ағасы келіп кешірім сұрады

"Тілеугүл құлаған пәтер Азиздың туған ағасы Руслан Уаитовқа тиеселі екен. Ол жігіт полиция қызметкері. Үйімізге келіп «менің еш қатысым жоқ» деп кешірім сұрап кетті, ал Азизды сол бойы көрмедік. Өткенде қызым өлген үйдің сыртынан бір рет қарап өттім терезесіне қоршау қойыпты, көршілерінің сөзінше Руслан отбасысымен көшіп келіп тұрып жатыр екен", - деді марқұмның анасы.

Тілеугүл Қуаныштың туыстары қыздарының өліміне себепкердің жазадан құтылып кететіндеріне сенімді. Сол үшінде қалалық прокуратураға шағым түсіріп, сараптаманы қайта жасауды сұрап отыр.

Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада  19 жастағы бойжеткен Тілеугүл Қуаныштың өлі денесі Алғабас ауданындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан табылған еді.

Студент қыз өлер алдында "мені алып қашып бара жатыр" деп туыстарына хат жазып кеткен.

Тағы оқыңыздар: 

Алматыдағы сауда кешенінде эскалатордан құлаған сәби өлім аузында жатыр (видео)

 Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты

 Еліне қайтуға ақша таппаған өзбектер туған нәрестесін сатпақшы болған

Өскеменде экс-депутат зорлаған 19 жастағы бойжеткен жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Байлар да жылайды: еліміздегі қалталы азаматтардың күнкөріс бағасы қымбаттап кеткен

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1646542-almatyda-segizinshi-qabattan-qulaghan/

pixel