Кісі өліміне қатысы бар деп айыпталған атышулы экс-судья ақталып шықты
Опубликовано:
Атышулы экс-судья Өмірзақ Серімовтің ісіне нүкте қойылды. Әділ шешім шығармай, бір адамды өзін өртеуге итермеледі деген айыппен басы шатылған судья бүгінгі сотта ақталып шықты. Соттың шешімі марқұм Светлана Тұрғанбаеваның балаларының ашуын тудырды деп хабарлайды КТК сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Менің кінәм жоқ. Менің ешбір кінәм жоқ еді. Басынан айтып келе жатырмын кінәмнің жоқтығын. Бірінші Аллаға рахмет, екінші әділ сотқа рахмет! Шындық бар екен. "Сіз марқұмның туған туыстарының алдында өзіңізді кінәлі сезінбейсіз бе?" Мен ешбір мәселеге бүгін жауап бере алмаймын», -деді Өмірзақ Серімов.
Ботадай боздап, аналарынан айырылып аңырап қалған балалардың тамағын өксік қысты. Анасының өліміне кінәлі деп санайтын судьяның жазасыз қалғаны жандарына батады. Бес жыл бойы әділдік іздеп, қанша соттың табалдырығын тоздырды. Енді келіп кезекті рет таулары шағылды. Қарға қарғаның көзін шұқымайдының кері келгеніне күйінеді.
«Енді осындай таза болып шыққанын ешкім ойлаған жоқ. Енді әке шешемді ешкім қайтара алмайды маған. ... Сот әділетті деп айта алмаймын»,- деді марқұм Светлананың қызы.
«Әділетсіз судья халық пен президенттің жауы!» Жәбірленушілер осындай ұран жазылған плакатты дәл соттың алдында көтерді. Айыптыны байыпқа бармай ақтау-нағыз сорақылық дейді олар.
Бес жыл бойына сергелдеңге салған Серімов ісіне осылайша нүкте қойылды. Айта кетейік, Өмірзақ Серімов бір іске екі түрлі шешім шығарып, оның кесірі таласқа түскен үйді сатып алған өзге отбасына тиді. Олар үйден қуылып, ақыры отанасы Светлана Тұрғанбаева сот орындаушыларының көзінше өртеніп өлген болатын. Марқұм Светлананың балаларының соттың шешімімен келіскісі жоқ. Енді олар апелляциялық арыз түсірмек.
Тағы оқыңыздар:
Өмірімен қоштасқысы келген ақтөбелік бизнесмен газ бекетін жарып жібермек болды
Маңғыстау облысында сот төрағасы жол апатынан қаза тапты
Шымкентте көршісінің 16 жастағы ұлын зорламақ болған тұрғын ұсталды
Әйелдердің әдепсіздігіне күйінген епископ шіркеуін мешітке айналдырып тастады (фото)
Әп-сәтте өзгеріп кеткен Баян Есентаеваны желі қолданушылары танымай қалды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1654039-atyshuly-burynghy-sudya-serimovtinh-aqt/