Атышулы Төлешовтен тәркіленген сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр
Опубликовано:
Тоқтар Төлешовтен тәркіленіп алынған сәйгүліктер соғымға кетіп жатыр. Иесі қамауға алынған соң Шымкент зообағына өткізілген асыл тұқымды тұлпарлардың біреуін зообақ қызметкерлері сойып алыпты деп хабарлайды КТК арнасы.
Онсызда ақсап жүрген сәйгүлік арам қатпас үшін сойдық дегендер, есесіне еті арзанға түсті деп мәз.
"Қоршаудан секіремін шапшимын деп аяғын сындырып алды. Сүйегінен еті ажырап кеткен соң жанымыз ашып сойып алдық. Сөйтіп етін оншақты қызметкерімізге жалақы есебінен деп бергеніміз рас. Есесіне келісі мың теңгеден ғана түсіп отыр", - дейді Шымкент зообағы директорының орынбасары Зүлфия Ғаниева.
Қазір Төлешовтің тағы бір сәйгүлігі ақсап жүр. 18 жастағы араб тұқымдас Берд есімді биенің де аяғынан қалып жүргеніне бірнеше күн ғана екен. Екі құлынымен бір вольерде жүрген ол ветеринардың жеке қарауында.
Жалпы, мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды деп айыппен сотталып кеткен Тоқтар Төлешовтің асыл тұқымды бес тұлпары зообаққа өткен еді. Арасында тек шабысқа мінілетін араб және ағылшын жылқылары бар.
Мекеме қызметкерлері сәйгүліктердің тәбеті жақсы дейді. Ал сырқаттанған Бердті соғымға кетірмей емдеп алуға барымызды саламыз деп отыр.
Тағы оқыңыздар:
Назерке Әріпті өлтірді деген күдікті бұған дейін жақсы тәртібі үшін түрмеден ерте босаған
Тергеушінің есімін кеудесіне ойып жазған жігіт өзінің кінәсіз екенін айтып, ашынды (фото)
Алматылық жігіт Батырхан Шүкеновтың куәлігін ақыры өртеп тынды
Алматыда 125 миллион теңге ұтқан адамның видеосы желіде қызу талқыланып жатыр
Мейрамханадағы елес бейнебақылау камерасына түсіп қалды (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1659323-atyshuly-toleshovten-tarkilengen-sayg/