Кеше ғана қызметінен кеткен Әбдірахымов әріптестерінен кешірім сұрады (фото)
Жарияланған күні:
Кеше ғана қызметінен кеткен Шымкенттің экс-әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалалық әкімдікте соңғы отырысын өткізіп, әріптестерімен қоштасты деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
"Менің қызметтегі ең жақсы жылдарым Шымкентте өтті. Орынбасарларыма, бөлім басшыларына, аудан әкімдеріне алғысымды білдіремін. Жұмыс болғаннан кейін, түрлі жағдайлар болып жатады. Егер біреуіңізді ренжітіп қойсам, кешірім сұраймын. Мен барлығыңызды шын жүрегімнен құрметтеймін", - дейді Әбдірахымов.
Әкімдерін жібергісі келмей, көңілдері түсіп қалған әріптестері де бұрынғы басшыларына алғысын білдіріп ағынан жарылды.
"Сізбен жұмыс істеу өте қызықты болды. Біз сіздің кеткеніңізді қаламап едік. Біз емес, шымкенттіктердің өзі сіздің орныңызда қалғаныңызды қалады. Сіз ел жақсы көреді және сыйлайды. Бірге әріптес болғанымыз үшін алғыс білдіреміз. Алдағы жұмысыңызға табыс тілейміз. Сіз бізді көп нәрсеге үйреттіңіз", - деп ағынан жарылды шенеуніктің бірі.
Еске сала кетейік, осыған дейін Шымкент шаһарын басқарған Ғабидолла Әбдірахымов "Нұр Отан" партиясының хатшысы болып тағайындалды.
Тағы оқыңыздар:
БҚО-да ішіп алып, жұмысшыларға балағат сөз жаудырған әкім қызметінен кетті (видео, фото)
Өзбекстандық БАҚ алғаш рет Ислам Кәрімовтың ұлы туралы шындықты жайып салды (фото)
Қайрат Нұртас өзін қарақалпақ дегендерге жауап берді
Шымкентте жаппай төбелес кезінде жүрек тұсынан пышақталған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты
Украинада лауазымды тұлғаның ұлы коррупция күдігімен ұсталды (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1664365-keshe-ghana-qyzmetinen-ketken-shymkentt/