Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түнгі шәйдің кесірі: Атыраулық қарақшылар май құю бекетінің қызметкерлерін сан соқтырды

Опубликовано:

Атырауда май құю бекетінің қызметкерлерін сыртынан құлттап, кассадағы бар ақшаны қолды қылған төрт жігіт ұсталды деп хабарлайды "АқЖайық" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ. 

Атырау облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиеваның мәлімдеуінше, Қылмыстық кодекстың 188-бабы («Ұрлық»), 191-бабы («Тонау») және 200-бабы («Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу») бойынша Атыраудың төрт тұрғыны ұсталып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Тергеу материалына сәйкес, олар өткен айда қаланың шет жағындағы май құю бекетін тонаған. Бекетте жұмыс жасайтын қызметкерлер түнгі екілерде ұйқыны қашыру үшін ұйымдасып шай ішеді екен. Бұл дағдылы әдетті сонда жұмыс жасайтын жігіттер жақсы білген.

Түн жарымда бекетке келген қарақшылардың екеуі тыста қалып, үшіншісі шай ішуге бір бөлмеге жиналғандардың сыртынан кілттеп, кассадағы бар ақшаны – 750 мың теңгені жымқырып кетеді.

Тергеу кезінде бұл жігіттердің 1995 және 1996 жылғы қала тұрғындары екені анықталды. Және олардың басқа да әртүрлі құқықбұзушылықтарға қатысы бар болып шықты: екі жеңіл көлікті қала сыртына айдап кетіп, бар затын тонап, машинаны айдалаға тастап кеткен.

Бұдан бөлек, жеңіл көліктердің терезесін сындыру арқылы салондағы магнитофон және басқа да заттарды тонап кетіп отырған. Олар пәтер ұрлығына да қатысы бар деп күдіктелуде.

Тағы оқыңыздар:

Солтүстік Кореяда ядролық сынақтардан кейін құбыжық балалар туа бастады

"Бәйтеректе" шетелдіктер үшін ғана ойнайтын Қазақстан әнұраны жұрттың ашуын келтірді

Бір күнде қыруар қаржы табатын "жұлдыздар" азық–түліктің қымбаттауына қарсы бас көтерді

ОҚО-да педофилдің туыстары 14 жастағы зорланған қызды келіндікке сұрап, 100 мың теңге ұсынған

Бозымбаев ескерту жасаған Павлодар мұнай-химия зауытының бас директоры ақыры жұмыстан кетті

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1670624-tungi-shaydinh-kesiri-atyraulyq-qaraqsh/

pixel