Отандық шенеуніктердің сымбатты ұлдары туралы не білеміз? (фото)
Опубликовано:
Бүгінде ел алдында жүрген танымал шенеуніктердің жеке өміріне қызығушылық көп болғанымен, олар көптің көзінен балалары мен жұбайлары туралы ақпаратты жасыратыны белгілі. NUR.KZ порталы желідегі ашық дереккөздерден ел көзіне сымбаттылығымен түскен отандық шенеуніктердің мұрагерлерін назарға ұсынады.
Айсұлтан Назарбаев
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан әлеуметтік желіде өз пікірін үнемі ортаға салып, халықпен ойларын бөлісіп отырады. Ол түрлі бастамаларды қолға алып, еліміздегі футбол саласын дамытуды да өз мойнына алған. Еліміздегі ауқатты бизнесмендердің бірі саналатын Қайрат Боранбаевтың қызы Әлиманы өмірлік серігі етіп таңдаған ол бүгінде Амели есімді қыздың әкесі.
Жансұлтан Сапарбаев
Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жасұлан алғаш рет бірер жыл бұрын ел назарына түсті. Ол әлеуметтік желіге қымбат көлікпен түскен суретін жүктеп, бұл жайт ел арасында қызу талқыға түскен болатын.
Алайда Ақтөбе облысының әкімі жергілікті журналистермен кездесуде баласының қымбат көлікпен түскен суретіне қатысты пікір білдірген болатын.
"Қазіргі балалардың қызығушылығы бөлек. Менің балам да шетелге барғанда қымбат көлікпен түскен. Оны БАҚ үлкен қылып жазды. Біреулер ол суреттен астар іздеді. Бірақ, мен баламның қымбат көлік мінуіне жол бермеймін", - деді Бердібек Сапарбаев.
Павел Кулагин
Әр жылдары Қазақстанның вице-премьері, ауылшаруашылық министрі, бірнеше облыстың әкімі болып қызмет атқарған Сергей Кулагиннің ұлы да ел арасында сымбаттылығымен танымал болды. Отыздан енді асқан ол жастайынан мемлекеттік қызметке араласқан.
Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, елордадағы "Алматы" және "Сарыарқа" деп аталатын аудандарының басшысы болған. Ал биылғы жылдың жазында ол Алматыдағы Түрксіб ауданының әкімі қызметіне кірісті.
Елмен ашық диалогқа үнемі дайын тұратын Павел Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, сонымен бірге Ресей президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.
Ерасыл Тұрлыханов
Елді өзінің сымбатымен сүйсіндірген тағы бір танымал тұлға Дәулет Тұрлыхановтың ұлы - Ерасыл.
Ол әкесінің жолын қуып, спортпен шұғылданады. 19 жастағы жігіт осы уақытқа дейін "Алматы барысына" қатысып, онда өзінің білекті екенін дәлелдеп те үлгерген.
Дәулет Тұрлыхановтың ұлы желідегі парақшасын белсенді түрде жүргізіп, түрлі суреттерін жүктеп отырады.
Ерасыл түрлі жылдары спорт саласында басшылық қызмет атқарып, қазаққа үлкен еңбегін сіңірген әкесінің үмітін ақтауға тырысып бағады.
Қуаныш Төрекелдиев
Бұдан екі жыл бұрын премьер-министр кеңсесінің бас инспекторы Болат Төрекелдиевтің ұлы Қуаныш ел көзіне түскен еді. Ол астанадағы кинотеатрлардың біріндегі сатушы қызды соққыға жығып, ел есінде қалған болатын. Шетелде білім алатын ұлыны бұл қылығынан соң әкесі өз еркімен жұмысынан кеткен.
Сергей Әбіқаев
Бұрынғы ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, қазір сенат депутаты болып отырған Нұртай Әбіқаевтың екінші ұлы - Сергей Нұртайұлы Нұртаев та ел арасында салмақты, сабырлы азамат ретінде танымал.
Қазақстанның Италиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалған шенеуніктің ұлы осыған дейін Қазақстанның Грекиядағы елшісі қызметін атқарып келген. Өз қызметінде ол дипломатиялық қабілетімен де көзге түскен.
Бүгінде Сергей Нұртаев жұбайы Екатерина Нұртаевамен бірге төрт бала тәрбиелеп отыр.
Тағы оқыңыздар:
Оралда балалы келіншекті құрбысымен қоса өлтірген күдіктінің ақыл-есі дұрыс болып шықты
Ресей кей жерлерді Қазақстанға қайтарса да, зымыран ұшыруын тоқтатпайды
Мемлекеттің 50 млн теңгесін "жоқ қылған" лауазымды қызметкер түрмеден құтылып кетті
Оралда саунаның шатырына шыққан қыз секіремін деп шатақ шығарды
Алматыда полициядан қашпақ болған ұрылар бірнеше көлікті тас-талқан етті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1675981-otandyq-sheneunikterdinh-symbatty-uld/