Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да мас әйел немересін ұмытып, көшенің қақ ортасында ұйықтап қалған (фото)

Опубликовано:

ОҚО-да ішімдік ішкен әжей немересін ұмытып, көшенің қақ ортасында ұйықтап қалған. Бұл оқиға Сарыағаш қаласындағы базарлардың бірінде болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Таныстарымен бірге отырыстан шыққан әйелдің жүруге шамасы жетпесе керек.  Сауда орталығының  алдында төрт жасар немересіне қарамастан ұйықтап қалады. Ал әжесі базар маңында қалың ұйқыда жатса да, немересі қасынан бір елі шықпай қарауылдап тұрған.

Базарға келушілер бұл жағдай жөнінде құзырлы орган өкілдеріне хабар берген. Оқиға орнына келген прокуратура қызметкерлері мен полицейлер мас халдегі әжейді ауруханаға жеткізді.

Прокуратура қызметкерлері хабарлағандай, төрт жасар баланың ата-анасы ажырасып кеткендіктен, әжесі баланы қамқорлыққа алыпты.

"Азаматша мас халде екен. Қарт ананының келіні түсініктеме берді. Айтуынша, төрт жасар баланың анасы Алматы қаласында. Ал әкесінің қайда екені әзірге белгісіз. Олар ажырасып кеткен. Бала қараусыз қалмауы үшін Сарыағаш ауданындағы балабақшалардың біріне орналастырдық. Ал қоғамдық орында мас күйінде жүргені үшін 1962 жылы туылған азаматшаға шара қолданылады", - дейді Сарыағаш ауданының прокуроры Нұржан Боранбаев.

Тағы оқыңыздар:

СІМ шымкенттік жігіттің Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталғанын растады

Өзбекстандық басылым Кенесары ханды бандит әрі сатқын деп жазды

Атырауда өзін алып қашқан жігіттің әйелі барын естіген бойжеткен асылып қалды

"Түні бойы дәрігер күттік": Алматы облысында 19 жастағы жүкті бойжеткен қаза болды

Ақтөбе облысында орамал таққан оқушылар мектепке кіре алмай, жылап жүр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1676712-oqo-da-mas-ayel-nemeresin-umytyp-koshen/

pixel