Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ қызы не себепті кәрі қыздар көбейіп кеткенін түсіндірді

Опубликовано:

Facebook әлеуметтік желісінің қолданушысы Leila Zhukobayeva елімізде не себепті кәрі қыздар көбейіп кеткенін түсіндірді. Бойжеткеннің жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсуде деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бәрі менен неге тұрмысқа шықпағансың деген сауал қояды. Ішімде сақтау қиын болғандықтан, тізбектеп көрейін. Біріншіден әлеуметтік желідегі жігіттерге тоқталайын", - деп әңгімесін бастады ару.

Бойжеткен жігіттерді санаттарға бөліп, қарастырып көрді.

"Желідегі жігіттердің бірінші санаты - "үйленгендер". Олар әйеліне деген махаббатын ашық көрсетіп, тіпті "статусына" "үйленген" деген жазба қалдырады. Оларға қарап енді сүйсіне бастағаныңда, үлгілі күйеу мен әке деп отырған адам сізге топ еткізіп хабарлама жазады. "Сәлем, сұлу қыз" деп жаза бастағанында, ол туралы жақсы ойларың күл-талқан болады. Олар, тіпті әйелінен қорыққанынан сені туған күніңмен жеке жазбада ғана құттықтайды", - дейді Лейла.

Ол екінші санаттағы жігіттерге тоқталды.

"Екінші санаттағылар - "үйленбегендер". Олардың дені рақатқа батып жүргендер, қымбат ғимараттарда, Түркиядағы демалыстарында түскен фотоларын жүктейді. Қарайсың, түрі қорқынышты емес секілді. "Сәлем, қалайсың?" деп жазғанда, "басы бос қой, жауап беріп көрейін" деп ойлайсың. Содан олар "оңаша кездесейік" деген әңгімелерін айта бастағанда-ақ, оларға жауап беруді қоясың", - деп жалғастырды ару.

Лейла мүлде түсініксіз жігіттер барын да жасырмады.

"Үшінші санаттағылар - мүлде түсініксіз жігіттер. Суреттер мен видеолар жіберуден әрі аспайтын мұндай ер азаматтарға не керегін де ұқпайсың. Виртуалды жігіттерге қатысты осымен тоқтайық. Өмірдегі жігіттерге кезек берсек", - деп ойын ортаға салды бойжеткен.

Ару сүйкімді жігіттердің дені өзін тым жоғары бағалайтынын сөз етті.

"Бұл бір бөлек әңгіме. Танысқаныңда ақыл-есі дұрыс, сәл сүйкімді жігіт болып көрінеді. Алайда ол өзін Олимптен түскен Аполлон санайды... Ондай жігіттер бірнеше рет өтінгеніңді, сарғайып күттіргенді ұнатады... Өзін Құдай санайтын мұндай жігіттер сені төсектес болуға міндетті деп көреді. Екінші санаттағылар саған WatsApp арқылы хабарлама жазудан әрі аспайды. Ондайлардан кездесу туралы ұсынысты күтпей-ақ қой. Олар сені осылай сырттай жақсы көріп жүре береді", - дейді Лейла.

Бойжеткен үшінші санаттағы жігіттерді суреттеді.

"Үшінші санаттағы жігіттер - сол баяғы "үйленгендер". Олар көзін жасқа толтырып, ажырасқандарын, әйелдерінің оңбаған екенін әңгімелеп береді. Олардың әйелдері өз тәнін ақшаға сатуға дейін барды-мыс. Ал олар, байғұс болып үйде балаларына қарап отырды... Тағы бір аңыз - олар некеде мүлде бақытсыз, әне-міне дегенде ажырасайын деп отыр. Тіпті ажырасуды бастап кеткесін, әйелінің үйіне қонбайды-мыс. Оның үстіне сені өмірінде екінші рет көрсе де, бірге тұрайық деген әңгіме айтады", - деп жалғастырды ару.

Ол ақылға қонымсыз жігіттердің де жоқ еместігін алға тартты.

"Ең соңғы, әрі ақылға қонымсыз санаттағылар - саған "Сәлем, қалайсың?" деп жазып алып, үнсіз кететіндер. Оларға "Жақсымын, өзің?" деп жауап берсең, бірнеше күннен кейін қайтадан бірінші сұрағын қояды... Одан әрі асып, бірдеңе жазуға батылы жетпей ме? Бір сөзбен, ішің пыспайды", - дейді Лейла.

Бойжеткен қандай жігіттерді нағыз ер азамат санайтынын айтып берді.

"Мен нағыз ер азаматтар деп шындықты бүкпей айтатын, ақылды, көп сөзден аулақ, дамыған, ақ көңіл жігіттерді айта аламын. Ондайларды кезіктіргенмін де. Алайда олар шетелдіктер. Бұл көңіл-күйіңді түсіреді. Себебі, жан-дүнием "отандық өндірушіні" қалайды, алайда ондай өндіруші қолжетімді болмай тұр", - деп ойын түйді ару.

Тағы оқыңыздар:

Баян Есентаева сүйіктісін киноға түсіріп жатыр

Атақты Барби қуыршақтары мұсылманға айналды (фото)

29 жастағы ана тәртіпке бағынбаған ұлын пешке күйдіріп жазалаған

Атыраулық азамат ит қағып кеткені үшін көлік жүргізу құқығынан айырылды

Сиви Махмудидің туған күніне достары естен кетпес тосынсый жасады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1677658-qazaq-qyzy-ne-sebepti-kari-qyzdar-kobe/

pixel