RU

Баян Есентаева: Маған күйеуінен таяқ жеген олигархтардың келіншегі де мұңын шағады

Күйеуінен таяқ жейтін келіншектер атышулы Баян Мақсатқызынан көмек сұрайтын болып шықты. Продюсердің айтуынша, елімізде отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқан әйелдер тек нашар отбасы мен білімсіздердің арасында ғана емес екен. Бұл туралы NUR.KZ порталының тілшісі хабарлайды.

- Күйеуі ұрыпты десе болды "кедей отбасы немесе ауылдың бір бұрышында болған жәйт шығар" деп ойлайды жұрт. Жоқ, олай емес. Маған бай, өте бай, олигарх десем де болады, қалталы келіншектер келіп мұңын шағады.

«Баян, білесің бе маған күйеуім 20 жыл бойы қол көтеріп келеді, мен бақытсызбын. Соған әрең шыдаймын. Ажырасып кетейін десем, балаларға обал. Ал күйеуім лауазымды қызметтегі шенеунік. Елден де ұят. Сен таяқ жеген әйелдерді қорғайтын ұйым құрсаң, ақша жағынан қам жеме, көмектесемін», -  дейді.

Қандай жайт болмасын ешкімнің әйелді ұруға қақысы жоқ. Мен бұл жағдайды басымнан өткердім, әлі күнге жаным ауырады. Маған атағым, талантым, жұмысым да көмектесе алмады. Себебі мен нәзік жандымын, қорғансызбын. Мен сияқты әйел еліміздің тең жартысында бар, - деп ашына сөйледі продюсер журналистермен өткен кездесу барысында.

Баян Мақсатқызы қазақстандық әйелдердің құқығын қорғайтын ұйымын қашан ашатынын нақты айтпады. Оның сөзінше, жобасы дайындалып, пысықталуда. Болашақта өзі секілді зардап шеккен әрбір әйелді бей-жай қалдырмай, құқын қорғайтынына уәде берді.

Арнайы қоғамдық ұйымдардың мәліметінше, Қазақстанда  жыл сайын 500-ге жуық әйел тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза табады екен.

2017 жылдың жеті айында 3664 келіншек күйеулерінен зәбір көргенін айтып, полицияға шағым түсірген.

Тағы оқыңыздар:

Димаш Құдайбергеннің әкесі Назарбаевтан марапат алды (фото)

ШҚО-да мүгедек қызын өрттен құтқармақ болған қария қатты күйіп қалды (фото)

Ғалымдар артық салмақтың адам өміріне үлкен қауіп төндіретінін айтып, дабыл қақты

Төрт айлық нәрестесін қысқа толқынды пешке тығып күйдірген ата-ана елді шошытты (фото)

Қазақстандық студент қыз Гарри ханзада мен жұбайына отандық шоколад сыйлады (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1694769-bayan-esentaeva-maghan-ataghym-da-talant/