Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы ұлғаяды

Опубликовано:

Келер жылы базалық зейнетақыны есептеу жұмыстарына өзгерістер енгізіледі. Тіпті біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемді есептеу тәртібіде өзгеше болмақ деп хабарлайды ТВК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Заңды құжат күшіне енгеннен бастап, мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақы еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін ескере отырып тағайындалатын болады.

Егер зейнеткердің 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек тәжірибесі 10 жылдан төмен болса онда бұл көрсеткіш базалық зейнетақының ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды. Яғни бұл төлем 14 416 теңгеге тең.

Керісінше еңбек тәжірибесі 10 жылдан асқан әрбір жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға өсіп отырады. Ал 33 жылдан жоғары болса, зейнетақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын құрап, одан асырылмайды.

БЖЗҚ АҚ ОҚОФ бөлім басшысы Әбдімұрат Исабаевтың айтуынша, 2018 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы қорынан төлем алу жолыда өзгермек.

Сонымен қатар келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап, нәзік жандардың зейнетке шығу жасы да 6 айға ұлғаяды. Тіпті бұл үрдіс жүйелі түрде жыл сайын іске асатын болады.

"1960 жылы 1 қаңтар мен 30 маусымда туылған азаматтардың барлығы 58,5 жаста зейнетке шығатын болады. Ал 1960 жылы 1 шілде мен 31 желтоқсан аралығында туылғандар 2019 жылы зейнетке 59 жаста шығатын болады. Дәл осылай 2027 жылға дейін жарты жылдан қосылып, осы жылы ерлер мен әйелдер де 63 жастан зейнетке шығады", - дейді Әбдімұрат Исабаев.

Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Тағы оқыңыздар:

Дума депутаты Ресейді қолдау үшін Қазақстанды Олимпиадаға қатыспауға шақырды

Шымкентте қайыршыларды "крышевать" еткен полицей жұмысынан қуылады

Алматыда көше тазалаушы әйелдің қолынан күрегін алып, өзі іске кіріскен жігіт елді тәнті етті (видео)

Жол апатынан кейін алғаш рет ел алдына шыққан Ернар Айдар сахнада көз жасын тоқтата алмады

Балқашта нәрестесін түнде жалғыз тастап кеткен ана жұртты шошытты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1697669-2018-zhyldan-bastap-ayelderdinh-zeynetke-sh/