Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотта жеңілген "Air Astana" компаниясы қазақ тілі үшін түрік азаматына 1 теңге төлейді (фото)

Опубликовано:

«Қазақша қызмет көрсетпеді» деп "Air Astana" әуе компаниясын сотқа берген Оғыз Доған жеңіске жетті деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Төрт айға созылған тартыста түрік азаматын белгілі заңгер Абзал Құспан қорғаған болатын. Заңгердің айтуынша, алпауыт компания өкілдері соттың соңына дейін кінәларын мойындамапты.

- Қазақстан Республикасының «әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңнамасының 56-бабы, 2 тармағында «бортсеріктер қазақ тілін еркін меңгеруі міндетті» деп нақты жазылған. Алайда, сот отырысы төрт айға созылып, үш рет судья ауысты. "Air Astana" компаниясының құқын үш қорғаушымен бір заңгер қорғап, сот барысында төрт куәгер, яғни бортсеріктер судьяға түсінік беріп, соңына дейін өз кінәларын мойындамады. Олар сот төрешісінің сұрағының өзіне орысша жауап берді. Яғни, «қазақ тілін білеміз» деп тұрғандардың қандай деңгейде екенін судья Айгүл Тұрсынқызы Тұрсағұлова өз көзімен көрді» ,- деді қорғаушы Абзал Құспан.

Сотқа шығамданушы Оғыз Доған "Air Astana" компаниясына қатысты екі талап арыз түсірген еді. Ол: «Тікұшақ ішінде болған оқиғаны заңсыз деп тану» және «Әуекомпанияның барлық бортсеріктерінің қазақ тілін еркін меңгеруіне міндеттеу». Осы талап бойынша кешегі өткен Түркісіб аудандық сотында Оғыз Доған жеңіске жетіп, "Air Astana" моральдық өтемақы ретінде символикалық бір теңге төлейтін болады.

Қазақ тілінің абыройын қорғаған түрік азаматы болса «Бұл менің емес, бүкіл қазақтың, қазақ тілінің жеңісі. Қазақ тілі – менің ана тілім» деп пікір білдірді. Ал заңгер Абзал Құспан «алпауыт компаниямен сот ісі осымен тоқтамайды, алдыда әлі талай жұмыс бар» деп қысқа қайырды.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде "Air Astana" компаниясы ұшағының жолаушысы Оғыз Доған бортсеріктің мемлекеттік тілді білмейтінін және қазақ тілінде қызмет көрсетпеді деп айыптаған видеосы таралды. Оқиға 14-ші тамызда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709333-sotta-zeilgen-air-astana-kompaniasy-kazak-tili-sin-trik-azamatyna-1-tege-tlejdi-foto/

pixel