Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Орал трансформатор зауыты өнімінің 95 пайызы Ресейге экспортталады

Опубликовано:

Орал трансформатор зауыты өнімінің 95 пайызын Ресейге экспорттайтынына қарамастан, Батыс Қазақстан өнеркәсіптік кәсіпорындары барлығын қамтамасыз етіп үлгереді. Айта кету керек, Оралдағы зауыт жалғыз ғана зауыт емес, одан бөлек отандық Alageum Electric электрлік компаниясында бүкіл Қазақстан бойынша 30-дан астам ірі кәсіпорындар мен зауыттар бар.

"Орал трансформатор зауыты өндіріспен және трансформаторлар мен панельдік жабдықтарды сатумен айналысады. Біз 2015 жылы ашылдық, бүгінгі күннің өзінде көптеген жетістікке жеттік. Біз Қазақстанның батысын - Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын электр жабдықтарымен қаматамасыз етеміз.

Сонымен қатар, Ресеймен тығыз жұмыс істейміз - біздің өнімдеріміздің шамамен 95% экспортқа бағытталған. Болашақта тауарымызды Еуропа елдеріне жеткізуді жоспарлап отырмыз", - дейді сатылым жөніндегі менеджер Елтай Құмар.

Елтай Құмардың айтуынша, өндірілген өнім ғана емес, сонымен бірге жабдықтар да қазіргі заманға сай және Еуропадан әкелінген. Сонымен қатар, компания батысқазақстандықтарға жұмыс орындарын ұсынып отыр.

"Орал трансформатор зауытының өзінде шамамен үш жүз адам жұмыс істейді. Біздің холдингтің зауыттары күллі Қазақстанға таралған және штатта шамамен 4500 қызметкер бар. Сондай-ақ, Ресейде дилерлік желі жұмыс істейді", - дейді Елтай Құмар.

Орал трансформатор зауытының жалпы құны - 6,3 млрд теңге. Оның 3,7 млрд теңгесі - компанияның меншікті қаражаты және 2,6 млрд теңгесі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша несиеге алынған.

Орал трансформатор зауыты өз өнімдерін батыс өңірінің экономикалық табыстары мен инвестициялық жобаларымен таныстыруға бағытталған төртінші халықаралық «WestKazInvest-2017» инвестициялық форумында көрсетті. Осы форум аясында «Қазақстан-Ресей. Аймақтардың трансшекаралық ынтымақтастығы» көрмесі өтікізіліп, Ресей мен Қазақстанның 100-ден астам қатысушылары жиналды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1709609-oral-transformator-zauyty-nimini-95-pajyzy-resejge-eksporttalady/

pixel